Лисаков

Өзен жағасына жайлы жайғасқан осы бір жас, өте сүйкімді қала бір көргеннен-ақ көңіліңе ұнап, есіңде сақталып қалады. Лисаковск тұрғындары қаланың өзіне тартып тұратын ерекше қасиеті бар екендігіне сенімді. Ол әсем келбетін қысы-жазы жоғалтпайды, тал-терегі тізілген, көкмайсалы,көлеңкелі көшелерімен (әр тұрғынға 18 шаршы метр жасыл желектен келеді) серуендей бергің келеді.

Лисаков қаласының дүниеге келуіне 1947 жылы борлы темір оолит рудасы кең орынының ашылуы мен тау-кен байыту комбинатының салынуы себеп болды. Бірақ дәл осы жерде адамдар одан мыңдаған жылдар бұрын да тіршілік еткен. Қазіргі Лисаковск тұрған жердегі ежелгі адамдар қонысы біздің дәуірімізге дейінгі 2000-ші жылға жатады. Ежелгі заман ескерткіштері - қоныстар мен қорымдар — археологтар үшін таптырмас та, таусылмас қазына. Мұндағы қазба жұмыстары жиырма жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыс тау-кен рудасын өндіру кәсіпорындары негізінде салынған шағын қалалар проблема- ларын тереңдете түсті. Бір ғана ірі кәсіпорынға танылған Лисаковск қаласының басына темір рудасы концентратын тұтынушылар тарапынан осы шикізатқа деген сұраныс күрт түсіп кеткен соң, бұрынғы жайсаң өмірінің кұр елесіне айналып қалу қаупі төнді. Дегенмен Лисаковск тұрғындары тек қиындықтарға төзіп, бұрынғы күйін сақтап қана қойған жоқ, өткен онжылдықтарда қала қол жеткізген байлықты одан әрі көбейте білді. Болашаққа деген үміт пен сенім олардың жүректерінде 1996 жылы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Лисаковск арнайы экономикалық аймағы туралы" Жарлығына қол қойған күнінен бастап қайта жаңғырды.

Алты жыл қала арнайы экономикалық аймақ жағдайында өмір сүрді және еңбек етті. Алты жыл бойы олар басқару мен шаруашылық жүргізудің жаңа, қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу, шетел капиталы көмегімен жаңа өндіріс орындарын ашу, бәсекеге түсе алатын өнім өндіру, әлеуметтік проблемаларды шешу, өзін-өзі басқару ісін дамыту, бедел мен абырой жинау арқылы бір өнеркәсіпке таңылған тәуелділігінен құтылды. Жаңа өндіріс орындары үлесі жалпы өнім өндіруде 1993 жылғы 8,4 пайыздан, 1999 жылы 72,4 пайызға дейін өсті. Осы жылдар ішінде салық түсімінің 12 еседен астам өсіріп, бұрын -соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Соның нәтижесінде экономиканың аса қуатты балама секторы құрылды.

Бүгінгі күні Лисаковск — осы замандық өнеркәсіпті, экологиялық таза, жедел дамып келе жатқан қала. Онда әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған 40 мыңнан астам адам тұрады. 278 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 68-і мемлекет меншігінде болса, 207-сі жеке кәсіпкерлер қолында. Олар тұрақты сұранысқа ие өнімнің 500-ден астам түрін өндіреді. Қалаға тірек болып тұрған жетекші кәсіпорындар қатарында "Арай-Холдинг" ЖАҚ, "Алюминий Казахстана" ААҚ филиалын, Краснооктябрь боксит рудасы басқармасын, "Өркен" ЖШС атауға болады.

"Арай-Холдинг" көп салалы компаниясының аты ауыл шаруашылық өнімдерінің аса ірі өндірушісі және өңдеушісі ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал. Оның сүткешені, наубайханасы, сыра қайнату зауыты, спирт, ликер-арақ өнімдерін, алкогольсіз сусындар және көмірқышқыл өнімдерін өндіру зауыттары өз өнімдерін сату туралы көптеген тұтынушылармен келісімдер жасады.

Краснооктябрь боксит руда басқармасы - Қостанай облысындағы өзінің 55 жылдық тарихында темір рудасын өндіретін шағын кеніштен "Алюминий Казахстана" ААҚ үшін шикізат шығаратын аса ірі базаға айналған бірінші тау-кен кәсіпорыны.

1999- жылдың күзінде Лисаковский тау-кен байыту комбинатына инвестор ретінде "Испат-Кармет" ААҚ келді. Енді комбинат қайтадан жаңғырып, темір рудасы концентратын фосфорсыздандыру фабрикасы құрылысын жүргізуде. Ал бұл — өнім сапасын жақсарту деген сөз.

Қаланың дамуы тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларымен тығыз байланысты. Құрылыс кешені, сауда мен қызмет көрсету салалары өсіп келеді. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтін 74 кәсіпорын халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық проблемасын шешуде.

Лисаковск әлеуметтік инфрақұрылымын да сақтап қалды. Қалада 4 балалар бақшасы, жалпы білім беретін 8 мектеп, техникалық колледж, Рудный индустриалды институтының қашықтан оқу факультеті жұмыс істейді. Сабақтан бос уақытында жасөспірімдер музыка мектептерінде білім алады, "Мирас" мектептен тыс оқу тәрбиелеу орталығында, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде, жас техниктер мен натуралистер стансаларында, балалардың аула клубтарында көп нәрсеге үйренеді.

Тұрғындарға 11 сала бойынша стационарлық медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу орындары қазіргі заманғы диагностикалық құрал-жабдықпен және білгір мамандармен қамтамасыз етілген.

Қаладағы екі мәдениет үйі, төрт кітапхана мен мұражай ешқашан босап көрген емес. Лисаковскідегі Жоғарғы Тобыл жағалауы тарихы және мәдениеті мұражайындағы жәдігерлер саны 8 мыңнан асады. Қалада тек өз тұрғындары ғана емес, көрші қалалар мен аудандардан, тіпті таяу және алыс шетелдерден қонақтар арнай келіп тамашалайтын қызықты думандар, карнавалдар, балаларға арналған және спорт мерекелері өткізу дәстүрге айналған.

Лисаковск тұрғындары өздерінің талантты жерлестері — осы қала туралы алғашқы деректі кітаптың авторы, прозашы Василий Кошелевтің, ақындар Илья Васильевтің, Мөр Есмұхамбетованың, Василий Ланкиннің, Юрий Лаптевтің, Юрий Русичтің, Зоя Сатированың, Раиса Сафронованың, Иван Семченконың, Раиса Сулейманованың, Таисия Шевченконың шығармаларын жақсы біледі. Суретшілер Қарлығаш Зәуірбекованың, Наталья Капу- стинскаяның, ағалы-інілі Крестьянниковтардың, ерлі-зайыпты Цветцихтардың картиналары көз қуантады.

Тобыл жағасындағы қала би өнерінің шеберлеріне де бай. Ольга Кармановская, Марина және Евгений Ошаниндер, Наталья Ляхова, Ирина Странская, Лариса Богачева, Евгения Кульпина, Даниил Макаров және басқа да бишілер талай рет Қазақстан, Ресей, Еуропа және АҚШ чемпионаттарының финалдарына шығып, жүлдегер және жеңімпаз атанды.

Қаланың спорт базасы спорттың түр-түрінен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Шағын қала республикалық және халықаралық дәрежеде атақтары шыққан спортшылар шоқжұлдызын даярлап шығарды. Олар — Қазақстан чемпиондары Андрей Борзов, Евгений Калиниченко, Денис Коппас, Мурат Құсайынов, Михаил Шро, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Игорь Дмитриев,Леся Карасева, Сергей Папертный. 20 шықырымға спорттық жүрістен Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктерінің көп дүркін чемпионы және жүлдегері, әлем кубогы үшін жарыстарға үш рет, әлем чемпионатына бес, Олимпиада ойындарына үш мәрте қатысқан, 14-ші Азия ойындарының чемпионы, республиканың рекордшысы және ең жоғарғы жетістігінің иесі Валерий Борисов Лисаковскінің спорттық даңқын асырды.

Егер ең негізгі тақырып, экономикаға қайта оралар болсақ, қаланың инвесторлар ықыласын өзіне аударатын ең басты артықшылығы мұндағы білікті мамандардың көптігі мен олардың жұмыс күшінің салыстырмалы түрде арзандығы. Қала еңбеккерлерінің әрбір екіншісінің жоғары немесе орта арнайы білімі бар. Лисаковскіде темір рудасы концентратын фосфордан тазарту, "Әйнек зауыты құрылысы" ірі инвестициялық жоба, қорғасын- мырыш кен орынын игеру жобасы, титан-цирконий өндірісін жолға қою, шыны ыдыстар жасау зауытын салу жобасы секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бидайды крахмал, желімтік және глюкоза- жеміс шәрбатын алу мақсатында қайта өңдейтін өндіріс құру жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар шақырылуда. Үкіметтік емес қорлармен қалаға қосымша ресурстар мен тәжірибе тарту жөніндегі ынтымақтастық жалғасуда.

Бұл қала тұрғындарының көбі бір-бірін жақсы біледі. Бүкіл қала халқына танымал жандар да бар. Олардың бірі Нәбиола Андреевич Жұмабеков Лисаковск қаласының негізі қаланғаннан бері осында тұрады. Мұнда Жамбыл сумелиоративтік құрылыс институтын бітірген бойда, жолдамамен келді. Содан бері тек бір ғана мекеме — "Лисаковскрудстрой" трестінде еңбек етті. Тек қызметі ғана өзгеріп отырды: алдымен шебер болды, сосын прораб, аға прораб, бас инженер, одан соң жұмысты механикаландыру басқармасының бастығы, "Промстрой-1" мекемесі бастығы, кәсіпорынның вице-президенті болды. 1996 жылдан Нәбиола Жұмабеков — "Лисаковскрудстрой"ААҚ президенті. Кәсіпорын тізгіні оның қолына ең қиын кезеңде тиді: оның дебиторлық қарызы — 166 миллион, кредиторлық қарызы — 165 миллион теңге құрайтын еді. Ол кезде құрылыс ұйымдарына деген сұраныс аз болды, сондықтан кез- келген жұмыстан бас тартпай, білек сыбанып кірісе беруге тура келді: Державинкадағы зымыран шахталарын жоюға қатысты, Қостанайда, Арқалықта, Ақтауда жұмыс істеді... Тек осы қиын кезеңнен аман-есен өту қажет болды. Олар мойымады, ауыртпалықтарды жеңіп шықты. Облыстағы он екі ірі құрылыс кәсіпорынының екеуі ғана өздерін сақтап қала алды. Олардың бірі осы "Лисаковсрудстрой".

Басшы Жұмабековті айқын сипаттайтын екі ерекшелік бар. Ол өз қарамағында істейтін жұмысшылардың бәрінің дерлік аты-жөнін біледі. Оның кабинетінің есігі ылғи да ашық. Және бір айта кетерлік жайт: қазіргі кезде "Лисаковскрудстройда" 300 адам еңбек етеді. Ал кәсіпорынға 500 зейнеткер бекітілген. Оларға материалдық көмек корсету үшін кәсіпорын орасан көп қаражат жұмсайды. Нәбиола Андреевичтің солай болуға тиіс деп санайды.

Иван Иванович Семченко 1941 жылдың тамызында Гомель облысының Красная Дуброва деревнясында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң Рудный қаласын салуға ықыласы ауды. Жаңа қала құрылысына алғашқыда бүкіл сынып оқушылары түгелімен келмек болған, ал жолға шыққаны төртеуі ғана. Солардың арасында Ваня Семченко да болды. Алдымен ол арматурашы, монтаж ұстасы болып істеді. 1966 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Жас маман өзін үлкен құрылыс енді басталған жерде сынап көруге бел байлады. Ол кезде бұл жерде бір-де бір тұрғын үй жоқ еді. Осы Семченконың және оның жолдастарының қолымен жылу орталығы, аудандық " Лисаковская-220" қосалқы стансасы, комбинаттың жөндеу цехтары, алғашқы мектеп салынды. Отыз төрт жыл Иван Иванович Батыс электр желісі кәсіпорындарында еңбек етті. Осы жерден 2004 жылы зейнетке шықты.

Иван Семченко — "Высокое напряжение" атты өлеңдер және естеліктер жинағының авторы. Оның тағы бір кітабы — қаланың алғашқы құрылысшылары туралы әңгімелейді. "Мен қаланың іргетасын қалаған адамдар туралы естелік қалдырғым келді", - дейді ол.

Лисаковск ең батыл жобаларға қатысуға өзінің бұрынғы әкімі Альберт Павлович Раудың білімі мен беделі ғана емес, оның тәуекелшілігі арқасында да қол жеткізіп келеді. Лисаковскіліктер қаланы ең ауыр он жылдықта басқарған Альберт Рауды қажымайтын қиялшыл жан санайды. Ол 2004-жылғы Карнавалда қала тұрғындары алдына барон Мюнхгаузеннің костюмін киіп шықты. Алайда Раудың бароннан басты айырмашылығы - оның қиялдары ешқашан нақты ісінен алшақ кеткен емес.

Лисаковск талай күтпеген салаларда алғашқы болды. Ол карнавалдар, джаз фестивальдерін, мотокросстар ұйымдастыруда, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта алғашқы болды, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды, тұрмысы нашар отбасылардың балалары үшін балалар бақшасын ашуға барды. Қала тұрғындары тікелей эфирде өтетін "Әкім сағаты" және "Өмір туралы сұхбаттасалық" теле - және радиохабарларын, әкімнің кәсіпкерлермен апта сайын өтіп тұратын кездесулерін әлі ұмытқан жоқ.

Дәл осы Лисаковскіде халықты тұрғын үй қорын сақтап қалуға, қоғамдық өзін-өзі басқару ісін дамытуға және жас лисаковскіліктер бойында отансүйгіштік қасиетін тәрбиелеуге шақыратын "Өзін өзі басқаратын қала" қозғалысының пайда болуы тегін емес. Осы жерде республикадағы бірден бір "Қазақстанның шағын және орташа қалаларын дамытуға қолғабыс ету Орталығы" дүниеге келді. Лисаковск өзінің үлгісі және тәжірибесімен басқа да шағын қалаларға қала мәртебесін, бюджетін, тіпті тереңірек үңілсек — өмірі мен болшағын сақтап қалуға көмектесті.

P { margin-bottom: 0.21cm; direction: ltr; color: rgb(0, 0, 0); widows: 2; orphans: 2; }P.western { font-family: "Arial Unicode MS",serif; font-size: 12pt; }P.cjk { font-family: "Arial Unicode MS"; font-size: 12pt; }P.ctl { font-family: "Arial Unicode MS"; font-size: 12pt; }A:link { color: rgb(0, 102, 204); }

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 70 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана