Қарабалық ауданы

Қарабалық ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданға қарайтын 61 елді мекенде 35 мыңнан астам адам тұрады. Егіс алқаптары 418 гектар жерді алып жатыр. Ауданда меншіктің барлық түрлеріне жататын 410 ауылшаруашылық құрылымдары бар. Төрт өнеркәсіп орыны, 10 қызмет көрсету кәсіпорыны, үш банк жұмыс істейді.

Тұрғындарға 47 мәдеңиет мекемесі, орталық аудандық кітапхана, екі емхана, 12 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

Ауданда 48 мектеп, балалар спорт мектебі, өнер мектебі, агротехникалық колледж бар.

Қарабалық ауданы Қостанай облысының солтүстік- батысында орналасқан, Челябі облысымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын автомобиль жолы және темір жолы өтеді. "Қайрақ" кеден бекеті елдің "солтүстік қақпасы" аталады.

Аудан жағрафиясы мен тарихы туралы алғашқы баспа түріндеғі мағлұматтар бізғе Ресей ғылым академиясы экспедициясы (1768- 1774 жылдар) мүшелерінің еңбектері арқаында жетті. "Бұл жерлерге адамдар сирек қоныстанған, көздің жауын алар көркем жерлер, көлдері көп, таза суы мол, құстар мен балыққа бай..." - деп жазыпты бұл өңір туралы экспедиция мүшесі Христофор Барданес. Өңір әлі де өз сұлулығын жоғалтқан жоқ. Аудан аумағында ерекше қорғалатын табиғи орындар — Михайлов мемлекеттік кіші қорығы, "Кривули" орманы, Верейск қарағайлы орманы және Тас қақпа орналасқан. Ауданды батыстан солтүстікке қарай Тоғұзақ өзені кесіп өтеді.

Бұл өлке атақты Троицк жәрмеңкесіне жақындығымен де белгілі болды. Бұхара мен Хиуадан Троицк жәрмеңкесіне келе жатқан көпестер керуендері дәл осы зәйімкелер мен қотандарда орналасатын. Аудандағы алғашқы қоныс аударушылар мекендері - Надеждинка, Терентьевка, Батмановка, Смирновка, Веселый Кут, Веренка және басқа селолар 19 ғасырдың аяғында пайда болды. "Қоныс аударушылардың орнығып кетуіне жағдай жасау" ниетімен салынған Троицк- Қостанай темір жолының құрылысы (1913 жыл) аудан тұрғындары үшін өте игі іс болды. Өлке біртіндеп көркейе бастады. 1928 жылы ел үкіметі оқу- тәжірибелік астық шаруашылықтарын құру туралы шешім қабылдаы. Осы шешімге сәйкес N1 оқу-тәжірибелік астық шаруашылығын дәл осы Қарабалық ауданында, Өтеп ауылы негізінде құру ұйғарылды. 1929 жылдың 13 маусымында Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының түлегі М.И.Тарковский қазіргі Қарабалық кентінің алғашқы қазығын қақты.

Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры Лидия Васильевна Пименова аймақтағы тұқым шаруашылығы - сұрыптау жұмыс- тарының негізін қалады. Оның басқаруымен бидайдың: "Жаңа Қызыл" жаздық жұмсақ, "Қостанай - 14" қатты және басқа жаңа сұрыптары жасалды. Бидайдың бұл сұрыптарының бәрі тек Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де кең тарап кетті.

Ауданға тың игерудің алғашқы жылы-ақ өз еріктерімен үш мыңға жуық қыз-жігіттер келді. Аудан картасында "Өрнек", "Славянский", "Есенкөл", "Победа" кеңшарлары пайда болды. Бұл жылдар аудан тарихына қалыптасу, құрылыс салу және көркею жылдары болып жазылып қалды. Бүкіл Кеңес Одағына Комсомол құс фабрикасының, Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының, жыл сайын әр гектардан жүз пұттан астық беріп тұрған "Қостанай", "Станционный", "Михайловский", "Славянский", "Смирнов" кеңшарларының даңқы гүрлеп тұрды. Сол жылдары аудан экономикасының дамуына Тоғұзақ механикалық, Смирнов жөндеу-механикалық зауыттары, орман шаруашылығы, сүт зауыты зор үлес қосты.

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби журналист Мұхамеджан Сералин (1872-1929 жылдар) осы ауданда дүниеге келді. Қарабалық кентінің көшелерінің бірі қазір оның есімімен аталады. Қарабалықтықтар өздерінің даңқты жерлестері — халық артистері Серке Қожамқұлов пен Қапан Бадыровты, Кеңес Одағының Батырлары Сергей Нечуперенконы,ПетрНадеждинді және Петр Чегодаевты, жазушыИванЩеголихинді мақтан тұтады. Аудан тарихына Социалистік Еңбек Ері Алексей Андреевич Пактың, Қарабалық тәжірибе стансасының бұрынғы директоры Владимир Григорьевич Савостинның, Амангелді Бекешұлы Ақдәулетовтың есімдері мәңгіге жазылып қалды. Олардың істерін бүгінгі күні Елубай Сыбанбайұлы Аманжолов, Иван Петрович Момот және басқалар табысты жалғастырып жүр.

Қарабалық кентіне тасы өзге домалап тұрған кәсіпкер М.Н.Айтқазиннің жобасы бойынша салынған "Статусленд" сауда-мәдениет орталығы көрік беріп тұр. Мұнда бір шаңырақ астында сауда орындары, қонақ үй, сауна, бильярд залы, кинотеатр және дискобар орналасқан.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 62 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана