Меңдіқара ауданы

Меңдіқара ауданы 1930 жылдың желтоқсанында құрылған. Орталығы - Боровское кенті. Аудан солтүстікте Ресейдің Қорған облысымен шектеседі. Аумағы - 6,61 мың шаршы шақырым. Экономикасының басты секторы — ауыл шаруашылығы. Ауданда 805 ауыл шаруашылық құрылымы тіркелген, 2004 жылы олар 2 миллиард 901 миллион теңгенің өнімін өндірді.

Ауданда 51 білім беру мекемесі, 48 денсаулық сақтау орыны, 29 мәдениет ошағы, 35 кітапхана жұмыс істейді.

Аудан аумағы арқылы Тобыл, Обаган және Карганка өзендері өтеді. Ең ірі көлдер - Теңіз, Мокрое, Балықты, Боровское және Алакөл — елдің балық шаруашылығында маңызды роль атқарады.

Бұл берекелі өлкеде адамдар ежелден қоныстанған. Археологтар деректері бойынша, алғашқы қоныстанушылар бұл өңірде 3,5 мың жыл бұрын пайда болған. Ұзақ уақыттар бойы, мөлдір сулы өзендері, балыққа бай көлдері бар, ну орманды, топырағы құнарлы аудан аумағанда адамдар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. 19 ғасырдың аяғында Ресейден келген қоныс аударушылар өздеріміен бірге жаңа тұрмыс салтын, жаңа кәсіп — егіншілікті алып келді. Дәл осы кезде негізі қаланған Семеновка селосы 1887 жылы Боровское болып атын өзгертті.

Ұжымшарлар құрылысы бұл жерде 1930 жылы басталды. Алғашқы ауыл шаруашылық артелінің негізін шаруа И.Ф. Жилкин қалады. Жалпы ұжымдастыру жылдары 41 ұжымшар, бірнеше МТС құрылды. 1941-1945 жылдары майданға ауданнан 8360 адам аттанып, оның 4323-і туған шаңырағына қайтып оралмады. Олардың көбі жоғарғы жауынгерлік наградалармен марапатталған. П.В.Чигадаев пен П.Е.Огнев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, Н.П. Михаиленко Даңқ орденінің толық иегері атанды.

50-жылдары 432 мың гектар тың жерлер игерілді. Тың өлкеде жаңа шаруашылықтар - "Буденный", "Қызыл партизан", "Харьков" кеңшарлары пайда болды. Егіс алқаптары, мал басы көбейді. Бүгінгі шаруалар, фермерлер, кәсіпкерлер де егіншіліктің қыр-сырын ұмытқан жоқ.

Аудан тарихы көптеген атақты адамдар есімдері және тағдырларымен тығыз байланысты. Олардың арасында - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі Мүхаметжан Қарабаев бар. Боровское-Меңдіқара тұрғындары Колчакка қарсы көтеріліс басшылары М.Г. Летунов пен И. Жиляевті, жазушы-педагог Спандияр Көбеевті, Социалистік Еңбек Ерлері Оразалы Қозыбаевты, Кәмшат Дөненбаеваны, Михаил Яровойды (ол сондайақ жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері), В.А.Трояковты, А.А.Татаренконы, Г.Г.Каюмовты, Даңқ орденнің толық иегерлері Н.Л.Михайленко мен Н.А.Синенколарды ешқашан ұмытпайды және құрмет тұтады. Осындай даңқты тұлғалар қатарында ауданның құрметті азаматтары - ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қызметкер К.А.Григорьев, Н.Я.Лешуков, білім беру саласының үздігі Г.М.Николаев, П.В.Коновалова, дәрігер-хирург В.А.Кравченко, академик, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері М.Қ.Қозыбаев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы И.Н.Вепрев, Қазақстанның музыка қайраткерлері Одағының мүшесі С.П.Миргородский, республикаға еңбегі сіңген ұстаз А.Б.Чутаев, Қазақ КСР-інің еңбек министрі А.Қ.Қасымқанов, мәдениетке еңбегі сіңген қызметкер В.Г.Золотаренко, бұрынғы кеңшар директоры, орденді басшы С.А.Акишев және басқалар бар.

Ауданның қазіргі аты - Меңдіқара-би құрметіне берілген. Ол 19 ғасырда өмір сүрген, халық әлі күнге дейін әділ де данышпан би өнегесін жырға қосып айтып жүреді.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 78 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана