Новости


Оқырмандар шоқжұлдызы

Сс, 03/04/2018 - 15:49 — julia

2 сәуір күні Халықаралық балалар күні тойланады. Бұл күн жарты ғасырдан бері атақты даниялық Андерсеннің туған күнінде аталады және кітапқа, оқуға қатысы барлардың басын қосады.

Бұл күн — кітапхана мақтан тұтатын оқырмандарды үлгі тұтатын күн. Біздің кітапхана биыл үшінші жыл өлең оқитын, музыкалық аспаптарда ойнайтын, өлең айтып, би билейтін оқырмандардың дарынын ашуға арналған «Оқырмандар шоқжұлдызы» концертін өткізіп келеді. Әр жыл сайын қатысуға ниет білдірушілердің артуы бізді қуантады. Балалар өздерінің қызығушылықтарымен бөліскілері келеді, ал көрермендер болса, келесі концерттің қатысушысы болуға ниет білдіреді. Осылай олар біздің оқырманға айналып, таңғажайып кітап әлеміне есік ашады.

Биыл әдеттегідей «Адамгершілік қасиет» әдеби клубының қатысушылары ең белсенді көмекшілер қатарында болды, сол үшін оларға үлкен рахмет!

Фото



Қазақстандық жазушы Елена Клепиковамен онлайн кездесу

Жм, 30/03/2018 - 15:28 — julia

29 наурыз күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында тамаша қазақстандық жазушы Елена Георгиевна Клепиковамен өткен онлайн кездесу «Қыздар әлемі» әдеби отырысына қатысушылар мен кітапхана оқырмандары үшін үлкен тосын сый болды.

Балалар «Тайна синей паутины» атты повесін оқып, автордың шығармашылығымен танысты және әрине, авторға әртүрлі сұрақтарды қоюға бел буды. Балаларды мүлде бәрі қызықтырып, қалай жазушы атандыңыз, сүйікті түсіңіз, әніңіз, сүйікті үй жануарыңыз қандай деген сұрақтарды қойды. Елена Георгиевна сол арада балаларды Патрик атты өз мысығымен таныстырды. Дегенмен балаларды кітаптар туралы, «Тайна синей паутины» атты тамаша повесі қалай туғаны туралы және бұл оқиғаның жалғасы болады ма деген сұрақтар көп мазалады.

Автор балаларды қызықтырған сұрақтарға сүйіспеншілікпен жауап қатты және де біздің жазатын оқырмандарға, көбірек көркем әдебиеттерді, сондай-ақ танымдық энциклопедияларды оқуға кеңес берді.

Кездесу өте қызықты және әсерлі өтті, балалар өз сұрақтарын жаудыра қойды және де бұл кездесудің жалғасы болу керек деген шешімге келді. Ол әбден мүмкін! Өйткені бәрі сіздерге байланысты, құрметті оқырмандар!

Фото



Кітапханада спектекльдің премьерасы өтті

Жм, 30/03/2018 - 14:47 — julia

 «Хикаяттар сандығы» театр студиясы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарына өз қойылымдарын тарту етті. Кітапханада 29 наурыз күні көктемгі демалыста «Алдар көсе» спектаклінің тұсаукесері өтті.

Наурыздың 26 мен 29 аралығында қазақ ертегілерінің сарыны бойынша өткен «Алдар көсе» қойылымы «Балалар кітабы апталығының» тамаша ақырғы аккорды болды.

Көрермендер жас әртістердің Алдар көсе ертегісінің кейіпкерлері кейпіне енгендерін көріп, сахна көрінісіне тәнті болды.

Қазақ халық ертегісінің кейіпкері тапқыр және айлакер Алдар көсе ақылы мен айласының арқасында кедейлерді қорғап, сараң байларды, жалқаулар мен ақымақтарды жазалап, алдап соғады.

Көрермендер Анастасия Петрова сомдаған, жас Алдармен танысып, неліктен Алдар кедейлердің жақтаушысы болғаны туралы білді. Ақбар Ерғалиев ересек Алдар көсенің бейнесінде шықты.

Жаңа бастап жүрген әртістер спектакль барысында Алдар көсе басынан кешірген, екі қызықты оқиғаны көрсетті. Біріншісінде айтылады, жас Алдар базарға есекті алып келуге жібергенде қу саудагерді алдап соққаны туралы. Ал екінші оқиғада ересек Алдар көсе сараң Шығай бай оны бірде қалай «тамақтандырғанын» айтады.

Жас әртістер ұлттық нақышты және қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмір қалпын жарқын және анық көрсете білді. Ойын мен импровизациялау арқылы қонақжайлылық, адалдық, үлкенді сыйлау сияқты қазақ халқының басты құндылықтарын көрермендерге жеткізе білді.

«Хикаяттар сандығы» театр студиясына қатысушы балалар өз қорқынышы мен сенімсіздіктерін жеңіп, алғашқы сынақтарын абыроймен алып шықты. Және нағыз әртістер сияқты өздерінің алғашқы және ең адал көрермендері — ата-аналарының қошеметтеріне, гүлдері мен мақтау сөздеріне ие болды.

Спектакль Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» ішкі бағдаламасы аясында өтті.

Фото



Ақын Игорь Рулевпен кездесу

Бс, 29/03/2018 - 14:19 — julia

Поэзия — ол өміріміздің бөлшегі. Ақынмен өткен кездесу — ол оқиға. Әсіресе ол жас сүйкімді болса. 28 наурыз күні ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалының студенті — Игорь Рулев ЧелМУ және ҚМПИ-ның студенттерімен (50 адам) шығармашылық кездесу өткізіп, «Красная роза» атты өлең жинағын таныстырды.

Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті. Оған әлбетте шақырылған достары: Наталья Закора, Максим Гольцварт және Владимир Алексанин көмектесті. Олар жас ақынды өз әндерімен қолдады. Студенттер ақынды мұқият, шынайы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Оқырмандарымыз ақын жайлы бәрін білгілері келіп, оның сүйікті ақыны, қызығушылықтары, немен айналысатыны, шабыттың қалай келетіні, екінші жинағы қашан шығатыны, болашаққа деген жоспары қандай деген сияқты сұрақтарды жаудырды.

Ақынмен өткен кездесу қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады және көбісі үшін таңғаларлық, әрі қызықты жаңалық болды. Іс-шара өлеңдер жинағына естелікке қолтаңба қойып, таратумен аяқталды.

Фото



Әр кітаптың өз сыры бар

Бс, 29/03/2018 - 14:15 — julia

Деген атаумен Балалар кітабы апталығының үшінші күні өтті. Кітаптың басты құпиясы кілт сөзбен шифрланған еді. Кілтті алып, жұмбақты шешу үшін оқырмандар танымал мультфильмнің кейіпкерлері Симка және Ноликпен бірге мультсериал кейіпкерлеріне айналуға тура келді. Ал келесі ретте, байқаулар мен викториналарға қатысып, «Фиксибол» ойнады («Әнді тап» ойынының шарты бойынша, тек олар музыкалық туынды емес, әдеби туындыларды тапты), сондай-ақ фиксилабиринтті аралап, Симка мен Ноликпен бірге фиксиктердің әнұранын айтты.

Әуес, әрі білімқұмар оқырмандардың көптеген сұрақтарына жауап беретін кітап — ЭНЦИКЛОПЕДИЯ - құпия сөз болып шықты.

Мереке ең қызықты энциклопедиялар қойылған, «Негеш кітаптары» - «Почемучкины книжки» атты кітап көрмесіне фиксишолу жасаумен аяқталды.

Фото



Қыздар әлемі

Ср, 28/03/2018 - 16:06 — julia

27 наурыз күні көктемгі демалыс уақытында «Қыздар әлемі» клубының қыздары «миға шабуыл жасады». Әңгіменің сюжеті желісінде оның жалғасы туралы болжам айтылғанда, «Таным ағашы» сияқты сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдері пайдаланылды.

Н. Богдановтың «Дружба» әңгімесі оқылды. Қатысушылар мәтіннің тақырыбына сүйене отырып, қағазға сюжет туралы өз болжамдарын жазу керек болды. Әңгімені 3 бөлімге бөлді және әр келесі бөлімді оқымас бұрын қыздар одан әрі не болатынын болжап, айтып отырды.

Айта кетсек, әңгіме соғыстағы екі жігіттің достығы туралы болды. «...Бұл өлең қызық болды: сөздері қазақша, ал сарыны рязандық. Қазақтың не туралы айтып жатқаны көбісіне қызық болды, дегенмен ол нақты аудара алмай, қызметте қалған, өз досы - Кузнецовқа сілтеді: оның аударатыны анық еді.

- Бір сөзбен айтқанда достық туралы, жақсы өлең!..- деп Иргаш әнін жалғастырды».

Іс-шараға қатысушылар мейірімділік пен бір-біріне деген құрметке тәрбиелейтін, достыққа қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерді анықтады.

Фото



Дүние есігін ашады өлең!

Ср, 28/03/2018 - 16:02 — julia

Кім «Антошка» өлеңін айтып, «Чунга-Чанга» биін билемеді дейсің? Осы және басқа да балаларға арналған көптеген өлеңдер халықтың сүйіктісіне айналғантамаша ақын — Юрий Энтиннің қаламынан шықты. Юрий Сергеевич тек сері емес. Ол — ересектер мен құрметке лайық ең қатал сыншы — ұл-қыздардың, балалар мен жасөспірімдердің құрметіне ие болған, алдыңғы қатардағы ақын. Юрий Сергеевич балалар аудиториясын өзіне тарта білетін өлеңдер мен сөз тізбектерін жазу қабілетіне ие болды. Энтин балалармен тең дәрежеде сөйлесе білді және оны ақынмен тілдескен балалар да сезінді. Ал өлеңдері Геннадий Гладков, Максим Дунаевский, Евгений Крылатов, Марк Минков және Владимир Шаинский сияқты атақты композиторлармен шығармашылық ынтымақтастықтың арқасында пайда болды.

Балалар кітабы апталығының екінші күні «Дүние есігін ашады өлең!» атты музыкалық-поэтикалық сағатта осы тамаша ақын туралы айтуды жөн көрдік. Ал өлеңсіз қандай музыкалық сағат болуы мүмкін? Сондықтанбалалар уақытша әнші атанып, Ю. Энтиннің әндерін караокеде орындады.

Фото



Кітап галактикасының бағытына

Сс, 27/03/2018 - 14:18 — julia

26 наурыз күні кітапхана оқырмандары «Кітап галактикасының бағытына» аттанды. Балалар кітабы апталығының ашылуы мерекенің 75 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.

Балалар кітабы апталығының алғашқы күні балалар «Ертегі кейіпкерлерінің шоқжұлдыздарымен» кездесті, ол жерде балаларды Бармалей мен Қызыл телпек қарсы алды. Олар көркем әдебиетті қаншалықты білетіндерін анықтау үшін түрлі байқаулар өткізді. «Кейіпкерді тап» атты викторина барысында ертегі кейіпкері мен оған тиесілі затты табуға тура келді.

Концерттік нөмірлер осы күннің сән-салтанатын келтірді. Алена Олеговна Мельникованың жетекшілігіндегі «Жастар» аула клубының «Три подружки» би үйірмесінің екі хореографиялық миниатюрасы мен біздің оқырманымыз Ольга Нартованың орындауындағы ән кітапхана оқырмандары мен қонақтарына арналған музыкалық сый ретінде болды.

Кітапхана Галактикасындағы алуан-түрлі кітаптарды қамтыған кітап көрмесі өзіндік ресімделуімен назарға ілінді.

Фото



Білім университеті

Сс, 20/03/2018 - 14:59 — julia

2018 жылғы 16 наурыз күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде пәндік «Білім университеті» лекторы аясында № 2 ОМ-тің 7 «г» сынып оқушыларының болашақ тарихшыларымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: орта ғасырдағы Қазақстан тарихы.

Кездесуді ҚМУ-нің аға оқытушысы Шалғамбеков Айбек Батырхановичтің басшылығымен Қостанай мемлекеттік университеттің студенттері Криволапов Руслан, Жалелов Алмаз, Айсенова Әсел, Чугулева Алмагуль, Шағыбаева Гүлназ, Альтергот Вячеславтар өткізді. Кездесу барысында студенттер Қазақстанның 500 жылдан артық тарихын қозғады. Ұлы жібек жолы туралы, Қазақ хандығын құрған Керей хан, Жәнібек хан және Абылай хандар туралы айтты. «Моңғолдардың қазақ елін жаулап алуы» және «Яссауи мавзолейі» туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында балалар «Аруна» баспасының «Шығыстың ұлылары» сериясы мен Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы «Жетінші сөз» сериясындағы ғылыми-көпшілік басылымдарды таныстырды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 125%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 138 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана