Новости


Сундучок историй

Жм, 21/12/2018 - 16:33 — admin

15 желтоқсанда «Сундучок историй» студиясының балалары «Уақыт бойынша саяхат» жасады. Олар Анастасия Серикова басқаратын театр студиясының қонағы болды. Арт-хаус стиліндегі «Уақыт бойынша саяхат» спектаклі Қостанай облыстық достық үйінде өтті. Қойылым өзі қарапайым әрі ықшам болғанымен, оқиғаның және қимял-қозғалыс қатысушыларының санының көптігімен біздің әртістеріміздің ой-өрістері мен жүректерін жаулап алды. Студиялықтарға бәрінен бұрын спектаклдің интерактивті бөлімі қатты ұнады, өйткені онда өздері де қимыл-қозғалысқа қатысты. Балалар ежелгі тайпалардың басшысымен биледі, Египет ханшайымы Клеопатраға арнап пирамидалар құрастырды, ортағасыр перілерін құтқарды. Бірнеше тарихи оқиғалар бір мезетте өтіп кетті, тіпті, 2221 жылға да көз тіктік.

Анастасия Серикова да балалардың жетістіктеріне таңқалды, ол студияларды достастуға шақырды. Осылайша, саяхаттың жалғасы болатын болды.

Фото



Қазақстанның тәуелсіздік күні

Жм, 14/12/2018 - 14:58 — admin

Бұл Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы адамдардың есінде мәңгі сақталады. Сол кезде біздің еліміздің тарихында жаңа дәуір басталды. Бұл күннің айрықша мәнділігі Қазақстан халқының бірлігінің күшейуінен және нығайуынан тұрады.

«Тәуелсіздік шыңдары» ақпараттық сағатына «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығы» балалары мен №2 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты.

Фото



ТЕРЕЗЕЛЕР

Жм, 14/12/2018 - 14:51 — admin

Достар! Сіздерге уәде бергеніміздей, біздің «ТЕРЕЗЕЛЕР» өздерінің үлгілерін өзгертті!

Терезе жабдығының ең басты тақырыптары Қазақстанның мемлекеттік, ұлттық мерекелері. Тәуелсіздік күні де кітапхана «ТЕРЕЗЕЛЕРІНЕН» өз орнын тапты.

Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Біздің «ТЕРЕЗЕЛЕРІМІЗДЕ» де қыс патшалығы: Ақ сиқыршы — Джадис, «Хроники Нарнии» кітабы сериясынан қуғыншы кейіпкерлері, Абайдың «Қыс» өлеңі. Қысқасын айтқанда, тамашалаңыздар… және де өтіп кетпей, кітапханаға кіре кетіңіздер! Өйткені, қызықтың бәрі осы жерден басталады.

Фото



Тәуелсіздік шыңы

Бс, 13/12/2018 - 15:36 — admin

Тәуелсіздік мерекеміздің қарсаңында мектеп оқушыларына еліміздің орны ерекше ұлы мерекесіне арналған «Тәуелсіздік шыңы» атты интелектуалды казино сайысы өткізілді. Сайыс 6-сынып арасында өтіп, сайыста оқушылар «Бүркіт» және «Барыс» командасы боп жарысқа түсіп, оқушылар өздерің еліміздің тарихы, әдебиеті, географиясы жағынан білімдерін сынай алды. Оқушылардың әсіресе қай салада болмасын арнайы қойылған ойлы сұрақтарға көп қызығушылық арттыратыны байқалды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің атынан мерекеге тарту ретінде «Жүрегім қазақ» әнін және «Тойбастар» күйін орындап қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Женген «Бүркіт» тобы және «Ең үздік» ойыншы атанған Орманов Жиеншің мақтау граматасын иеленді. Биік шыңдарға тек білім жеткізетін түсінген оқушылар алда білімдерің шыңдау үшін көп оқу керектігін айтысып, қоштасты.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары қатысты.

Фото



Тәуелсіздік күні

Бс, 13/12/2018 - 15:34 — admin

Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтті.

12 желтоқсанда, мереке қарсаңында, мұнда «Тәуелсіз Қазақстан уақыттың аралық әсері» онлайн-ойыны өткізілді, оған Қостанай қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданынының командалары қатысты. Қостанай қаласының командасында №16 мектептің 8 сынып оқушылары: Данияр Алматов, Андрей Рубан, Александр Андроник, Артем Косицкий және команда капитаны – Сабир Нуриев.

Ойынның ережесі қарапайым. Командаларға біздің еліміз туралы 4 санат бойынша 12 сұрақ қойылды: әдебиет, тарих, география және мәдениет.

Ойын қызықты әрі әсерлі өтті. Балалар өздерінің зияткерліктері мен зеректіктерін көрсете білді және де достық жеңді. Онлайн-ойынға қатысушылар «Знаток памятных страниц истории» сертификатына ие болды.

Фото



Ұлы таласты жазушы

Бс, 13/12/2018 - 15:30 — admin

Бүгінгі күні Александр Исаевич Солженицыннің орыс әдебиетіндегі орны туралы қанша таласса да, біз мынаны түсінуіміз керек: оның шығармашылық дарынына да, әділет үшін күрестегі темірдей қажырлылығына да ешқандай теңеу жоқ. «Шындық шыңы — ақиқат» деп жазушылар бекер айтпаған. Солженицын – әлемге аты танылған жазушы.

11 желтоқсанда орыс жазушысы, прозашы, публицист Солженицыннің туғанына 100 жыл толуына орай «Тұлға. Шығармашылық. Уақыт» слайд-сұхбаты өткізілді.

Іс-шара қатысушылары Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері болды. Оларға Александр Исаевичтің өмірі мен шығармашылының негізгі беттері, оның ерекше тағдыры туралы айтылды. «Дороженька» поэмасынан, «Матренин двор» әңгімесінен үзінділер оқылды. Іс-шара қорытындысында кітапханашы студенттерге жазушының нақыл сөздерімен танысуға және өз өмірлерінің ұранына жақынын таңдауға шақырды.

А. И. Солженицыннің ең атақты шығармалары мен сталиндік лагерлер туралы әдебиеттер қойылған, іріктеп алынған тақырыптық әдебиеттер сұхбатты толықтырып тұрды.

Фото



Торғай даласының құпиялары…

Жм, 07/12/2018 - 15:17 — admin

«Торғай даласының құпиялары… Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ізімен». Жастардың Дмитрий Деймен кездесуі.

6 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада қостанайлық ЖОО студенттерінің Дмитрий Деймен кездесуі өткізілді.

Кездесу «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжатының өзіндік жалғасы болып табылатын, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын түсіндіру аясында өтті.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасымен жұмыс кезінде көпшілігі үшін жаңалыққа айналған, көптеген тарих пен мәдениет ескерткіштері қоғамдық назарға ілікті.

Дмитрий Борисович Дей «TURGAY DISCOVERY» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, Қостанай облысы аймағынан ертеректе қолдан жасалған белгісіз құрылыс-геоглифтарды тапқан және оларды зерттеумен айналысуды бастаған.

Студенттер Дмитрий Дейдің геоглифтер және маханжар мәдениеті туралы әңгімелерін қызығушылықпен ұйып тыңдады.

Фото



Көшбасшы және тәуелсіздік

Жм, 07/12/2018 - 15:01 — admin

Қарашаның соңғы күндері Қазақстан Республикасының Президентіне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған, биылғы жылы да сол дәстүрді жалғастырдық.

29 қарашада акт залда «Көшбасшы және тәуелсіздік» жеке тұлға сағаты өткізілді. Іс-шараға қала мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысты. Олар Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер қажет екені, елімізді дағдарыстан алып шығу үшін, Президентке қандай қиын шешімдер қабылдау керек болатынын білді. Іс-шараның басында жүргізуші «Мен қазақша сөйлеймін» Республикалық акциясы, оның қатысушылары кімдер екенін және ол не үшін өткізілетіні туралы айтып өтті. Оқушылар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылдың жолдауымен, сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаламен танысты.

Балалар президенттің өмірбаянына, әсіресе Н.Назарбаевтың оқу үлгерімінің бағасына қызығушылық танытты. «Ел тірегі — Елбасы» кітап көрмесі іс-шараға жан біріріп тұрғандай болды.

Фото



Қыс мерекесі

Жм, 07/12/2018 - 14:55 — admin

29 қарашада Аймақтық орталық балалары кітапхананың өнер бойынша әдебиеттері бөлімінде „қысқы сауық кешіне„ жиналды.

Ауыр күзгі еңбектен кейін қысқы кештерді қысқарту дәстүрі орыс халқында ертеден туындаған. Кешкі сауық — сөйлесу үшін, көңіл көтеру үшін жағымды, қызықты адамдармен кездесу кеші.

Біздің қонақтарымыздың да іштері пысқан жоқ. Балалар жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдерді еске түсірді, „көгершіндер„ ойынында „қар„ лақтырып, ептіліктерін сынады. „Қар кесегін„ домалата отырып, әрқайсысы өлең оқып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. „Әуенін тап„ сайысында балалар қысқы және жаңа жылдық әндердің әуендерін тапты, тіпті сүйікті әндерін орындап та берді.

Іс-шара соңында қонақтардың назары „көгілдір экранға„ ауды, онда ата-аналарының балалық шағының мультфильмдері көрсетілді, олар мейірімділіктерімен, адалдықтарымен жастарды баурап алды.

Далада аяз, кейде бұлыңғыр болса да, қыс халық күнтізбесіндегі ескі дәстүрлермен ерекше!

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 94 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана