Федоров ауданы

Жаман Жаркөл жағасында Федоровка кентінің түрғанына екі ғасырдан асты. Ал 1928 жылы негізі қаланған Федоров ауданы - облыстагы ең ірі аудандардың бірі, аумағы 7,2 мың шаршы шақырым, онда жалпы саны 30280 адам түратын 68 елді мекен орналасқан.
Аудан ауыл шаруашылық өнімдерінің ірі өндірушісі болды, әлі де солай. Erie алқабы 256 мың гектарды алып жатыр. Май шайқау комбинаты ("Шын" ЖШС), нан зауыты, 70 мың тонна астьщ сиятын эле¬ватор жүмыс істейді.

Ауданда 19 орта, 25 бастауыш және бір кәсіптік-техникалык мектеп бар. Сондайақ өнер мектебі, аудандық және балалар кітапханасы, Мәдениет үйі, 18 ауылдық кітапхана, 15 клуб жұмыс істейді.
Федоровка жері азамат соғысы жылдарын, Кеңес үкіметінің қалыптасуын, үжымдастырулар секілді тарихтың талай окиғаларын басынан өткізді. Кент көшелері сол кездердің батырлары — Легкодухов, Ме-лехов, Павлов, Юнацкийлердің аттарымен аталған. Федоров ауданы — Кеңес одағының батыры Григорий Кравцовтың отаны. Оның аты өзі туған село- сына, аудан орталығындағы өзі оқыған мектепке берілген.

1930-жылы ауданға, орталык, зауыттардан партия үндеуі мен шешімі бойынша жіберілген жиырма бес мың адам қатарынан өнеркәсіптік кәсіпорын жүмысшыларының бригадасы келді. Олардың кейбірі — мысалы, А.Холод, Л.А.Заруцкий, Нестеров және басқалар үжымшарлық өндірістің белсенді үйымдастырушылары болып, осында біржола қалды.

Федоров ауданының тағды- рын күрт өзгерткен тың игеру жылдары болды. Егіс алқапта- рының көлемі кеңейіп, 360 мың гектар кұрады. Мал басы 96,8 мыңға жетті. 1956 жылы элева¬тор қүрылысы басталды. Онан соң май шайқау зауыты, нан зауыты, шүжық цехтары іске қосылды. Селолар келбеті өзгеріп, түзу де кен көшелі, жасыл же лек жамылған, электр жарығы жүргізілген, мектептері, клубтары мен дүкендері бар жаңа кенттер бой көтерді.

Ауданның дамуына Федоровтан шыққан 13 Социалистік Еңбек Ері лайыкты үлес қосты. Олардың арасында аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары Павел Тихонович Антонов, Ва¬силий Павлович Довгаль мен Борис Николаевич Климов, механизаторлар Владимир Петро¬вич Левей, Михаил Иванович Бирюков, Георгий Алексеевич Леонов, Василий Иванович Сте- панец, тракторшы - егіншілер бригадасының бригадирі Иван Иванович Рудской, комбайншы Сартай Кәкімұлы Тыныбаев, шаруашылық басшылары Ва¬силий Семенович Богданов, Иван Филиппович Братышев, Михаил Иванович Михайлевич, Андрей Дмитриевич Тулбалар бар.

Аудан аумағы үстімен Пешковка — Жаркөл-Успеновка стансалары аркылы Троицк- Қостанай- Тобыл темір жолы отеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейін темір жол бойымен 82 шакырым.
Федоровкадагы патша зама- нынан калган су айдайтын мүнара мен темір жол вокзалының ғимараты сәулет өнерінің ескерткіштері болып табылады.

Аудан өнеркәсібі дамуының болашагы май шайқау комбинатының кайта жаңғыруымен, кірпіш зауытынын күрылысы- мен. ағаш өңдеу, жиһаз жасау, ағаш бүйымдарын жасау кәсіиорындарымен тыгыз баланысты.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 239 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана