Сарыкөл ауданы

Сарыкөл (бұрынғы Урицкий) ауданы 1919 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 мың шаршы шақырым, онда орналасқан 13 елді мекенде 27 мыңнан астам адам тұрады. Экономикасының негізі - диханшылық, атап айтқанда астық өндіру. 887 шаруашылық нысандары, оның ішінде - бір өндірістік кооператив, 27 серіктестік, 859 шаруа қожалықтары бар. Ауданда 4 диірмен, 12 шағын наубайхана, екі макарон цехы, күнбағыс майын өндіретін цех, үш шұжық жасау және екі кондитерлік цех жұмыс істейді.

Аудан орталығы арқылы темір жол өтеді.

19- ғасырдың 20-40 жылдары "Сібір қырғыздары туралы Жарғы" бойынша қазіргі Сарыкөл ауданының аумағы Құшмұрын және Атбасар округтері құрамына кірді. Ал 1868 жылы, Ақмола облысы құрылғаннан кейін ол Петропавл үйезіне қарай бастады. Болашақ аудан орталығы — Всесвятский кентінің ірге тасын 1898 жылы Ресейдің батыс губернияларынан қоныс аударғандар, негізінен полтавалықтар қалады. Қоныс аударушылардың басты кәсібі жер жыртып, егін егу болды. Олар өз жерлестеріне: "бұл жерде бәрі жеткілікті, су да, орман да, ша- бындық та бар, жері де жақсы ...", - деп жазды.

1914 жылы Қостанайға апаратын темір жол салынды. Мұнда шаруалар бидай, ұн, көкөніс тасыды. Қазақтардан мал, тері, жүн сатып алды. Жеміс-жидектер мен бақша өнімдері жергілікті базарға Всесвятское мен Карасудан келіп жатты. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында Всесвятское селосы пошта бөлімшесі, екі сыныптық шіркеу мектебі, майжуазы, қоймалары бар ірі елді мекенге айналды.
Өлкені ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жұмыстары да айналып өтпеді. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары ауданның көптеген тұрғындары майдан даласында ерлікпен қаза болды. Тың эпопеясы аудан тарихында жыртылған жерлер мен жаңа агроқалашықтар қалдырды. Ол жылдар өз еңбек ерлерін, ауыл шаруашылық өндірісінің жеңімпаздарын дүниеге әкелді."Барвиновский" кеңшарының тракторшысы Владимир Сигизмундович Данилевский, ылғи да рекордтық көрсеткіштерімен өзгеге үлгі бола жүріп, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Осы ауданда туып-өскен Ғазиз Нұртасұлы Сексенов 1950 жылдан "Севастополь" кеңшарында комбайншы болды. 28 жыл бойы астық жинады. 1976 жылы ол басқарған төрт комбайннан тұратын звено 50 мың центнерден астам, ал Газиздың бір өзі — 14 мың центнер астық бастырды. Осы жетістіктері үшін ол Алтын Жұлдызбен марапатталды.

Аудан тұрғындары жерлесі Николай Васильевич Гноевойды мақтан тұтады. Ол қайсарлықпен соғысты және бейбіт уақытта да тамаша еңбек етті. Майдандағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз және Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапат- талды. Парасатты ұйымдастырушы ол, партия, кеңес, шаруашылық органдарында басшылық қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар бойы кеңшарлардың аудандық басқармасын басқарды. 1972 жылы ауыл шаруашылық өндірісін дамытудағы көрнекті табыстары үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Өзі туралы жерлестері жадында соғыс пен еңбек ардагері, аудандық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы Тіржан Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев та жағымды естелік қал- дырды.

Қазіргі уақытта да ауданда өз істеріне адал, кәсіби шеберліктері жоғары, білікті мамандар жеткілікті. Кеңес заманында еңбек жолын тракторшыдан бастап, кеңшар директоры қызметіне дейін өскен Амангелді Рахымбайұлы Жалғасов 1998 жылы "Акгейік" ЖШС құрды. Серіктестік ірі астық өндіруші, әр гектардан ор- таша есеппен 12,5 центнерден өнім алып жүр, қосалқы шаруашылық дамытуда. Мұндай мысалдар жеткілікті.

Ауданда әлеуметтік сала дамуда. Ол үшін жергілікті бюджет қаражат аямайды. Ауыз су проблемасы шешілуде. 2005 жылы Есіл су құбырын жөндеуге аудандық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. Кедейшілік деңгейін төмендету жөніндегі кешенді бағдарлама аясында атаулы және қайырымдылық көмек көрсетілуде. 32 отбасына қосалқы шаруашылық ұйымдастыру үшін жәрдем берілді.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 202 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана