КЕНДІ ҚАЛА - СӘНДІ ҚАЛА
Қала тұрғындары ауыздарынан тастамай айтып жүретін, Т.Зюбанова мен Ю.Саркисов жазған Рудный туралы әнде "Ғаламат- ғажап қаламсың..." деген сөздер бар. Осы әнді сала жүріп, бүгінгі күні адамдар қаланың дүниеге келуіне себеп болған сол "ғаламат" оқиға туралы естеріне ала бермейді. Бұл оқиға жалпы бәріне жақсы белгілі, дегенмен Рудный қаласының неден және қалай басталғаны туралы әңгімеге көшпес бұрын оны тағы да еске сала кеткенінің артықтығы жоқ. Өйткені бәрі күтпеген жерден, бір қызық та әдемі оқиғадан бастау алды. Оның үстіне басқа да ерекше, ғажайып оқиғалар тәрізді ол сан түрлі аңыздарға негіз болды.
Сонымен, 1949 жылдың 12 ақпанында Аят геологиялық бар- лау экспедициясының ұшқышы Михаил Сургутанов Таранов ауданының кен іздеушілері қоныстанған Николаевка селосынан Қостанайға қарай кезекті рейспен ұшып шықты. Сарыбай даласының үстінен ұшып бара жатып, ұшақ компасының қалыпты жағдайдан ауытқи бергеніне назар аударды. Компас тілін бір белгісіз күш солға, оңтүстік жакка қарай бұрып тұрды. Араға екі-үш күн салып Сургутанов Сарыбайға қарай арнайы ұшты. Бұл жолы да әлгі окиға қайталанып, ұшқыштың компасты жер асты магнетит рудасы тартып тұруы мүмкін деген жорамалын расқа шығарды. Байқампаз ұшқыш бұл туралы Геология министрлігіне жазып жіберді.
Министрліктегілер ұшқыш хатын назардан тыс қалдырмай, Сарыбайға геологтар мен геофизпктер жолдады. Олар осы жерде аса қуатты руда жатқанын дәлелдеп берді. Сарыбайдың темір кен орынын ашқан ұшкыш пен геологтар сол кездің ең ірі наградаларының бірі — Лениндік сыйлықпен марапатталды. Соғыстан соңғы елдің металлургиясы шикізатта аса зәру еді. Міне сол оқиғадан кейін кен орынын зерттеу, руда қорын анықтау, карьерлер қазу секілді маңызды істер басталып та кетті. Кен орындарының бірі Соколов деп атады.
1954 жылдың 30 маусымында КСРО Министрлер Кеңесінің бұл жерде тау-кен байыту комбинатының кұрылысын бастау туралы қаулысы қабылданды. Ал комбинат жанынан әдеттегідей шағын жұмысшы кентін салу да қарастырылды. 1955 жылдың жазында елдегі және әлемдегі аса куатты Соколов-Сарыбай комбинатының кұрылысына бұрынғы Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен комсомол жолдамасы бойынша жас мамандар мен жұмысшылар ағыла бастады. Бұл аңызға айналған жылдар болды! Тұрмыс ауыртпалығына, жұмыстың киындығына қарамастан комбинат құрылысшылары өз мақсаттарына жету үшін мол сеніммен алға ұмтылды. Оларға рух беріп отырған жастық жалын мен зор ынта жігер, және бұл жерде өз қолдарымен гүлденген қала салатынына деген сенім еді.
1956 жылдың жазында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жарлық Қабылдады. Онда "Қостанай облысының Қостанай ауданындағы ССК БК құрылысы жанындағы елді мекен жұмысшылар кенті қатарына жатқызылып, оған "Рудный жұмысшылар кенті" деген ат берілсін", - делінген. Кентті "Соколоврудстрой" трестінің құрылысшылары осылай атап кеткен еді. Ал кеншілер біраз уақыт бойы оны өздерінше - "Рудногорск" деп атап келді. Арада бір жыл салып, 1957 жылдың 30 тамызында республика Жоғарғы Кеңесінің Президиумының шешімімен Рудный жұмысшылар кенті қала атанды, бірақ бұрынғы атын сақтап қалды. Содан бергі жарты ғасырға жуық уақыт ішінде Рудный өсіп, Қостанай облысының ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығына айналды. Қалада 120 мыңға жуық адам тұрады. Ол облыс орталығынан 46 шақырым жерде орналаскан.
Рудныйдың өнеркәсіптік кәсіпорындары өнімнің республикадан тыс жерлерде аса жоғары бағаланатын 40-тан астам түрін өндіреді. 2004 жылы қазіргі бағамен алғанда 90 миллиард 420 миллион теңгенің өнімін өндірді, бұл 2003 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Индустриялы қалада 26 ірі және орташа кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең негізгілері — "ССГПО" АҚ, "Казогнеупор" ЖШС, "Сарыбай" ЖАҚ, "Рудненский гормолзавод", "Арасан" фирмасының Рудный бөлімшесі, "Асыл нан" ЖШС, Металконструкция зауыты, "ЭКОС" өндірістік бірлестігі, "Док мебель" ЖШС және баска кәсіпорындар.
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту акционерлік қоғамы ("ССГПО" АҚ) — темір рудасы шикізатын өндіру жөніндегі бұрынғы кеңес елдері ішіндегі ең ірі кәсіпорын, тау-кен өндіру өнеркэсібінің көшбасшысы. Мұнда ең жетілген, бірегей технологиялар пайдаланылады, ұдайы жаңа техника сатып алынып жатады, ал Сарыбай карьері әлемдегі ең қуатты карьерлердің бірі. Рудный алқабындағы және болашағы зор Қашардағы темір рудасының бай қоры "ССГПО" акционерлік қоғамының темір рудасы мен шикізатының ең ірі өндірушісі деген атын ұзақ жылдар бойы жоғалтпауға мүмкіндік береді: көптеген жылдар бұрынғыдай, бүгін де комбинат өнімдерін тиеген эшелондар Магниткаға, Карметкомбинатқа, Қытайға үздіксіз ағылып жатады. Бірлестіктің тұрақты қызметі ел бюджетімен дер кезінде және толық есептесуге, Рудный қаласы мен Қашар кентін жылумен қамтамасыз етуге, еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге, әлеуметтік саланы қайта қалпына келтіріп, қаржыландырып отыруға мүмкіндік береді.
"Казогнеупор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де қайта жандана бастады. Бұл Қазақстандағы құрамында алюмосиликаты бар отқа төзімді өнім шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Оның өнімдері домна, мартен, кұрыш балқыту және айналмалы пештерді, болат құятын шөміштерді және басқа да жылу әбзелдерін қаптау үшін қоданылады. ЖШС 2004 жылы 9 мың тоннадан астам, яғни 576,6 миллион теңгенің өнімін өндірді, ал бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2, 4 есе артық. Кәсіпорын өз өнімдерін Ресей мен Қазақстанға, сондай ақ Оңтүстік Корея мен Қытайға сатады.
Осындай алпауыттар көлеңкесінде қалып қоймай, шағын және орташа бизнес те табысты дамып келеді. Жаңа жұмыс орындарын ашып, қала бюджетін белсенді толықтырып отырғандар да солар. Мәселен, алкогольсыз сусындар мен сыра өндірумен шұғылданатын "Арасан" фирмасы 674,7 миллион теңгенің өнімін өндірді. Ол Германия мен Украинаның кәсіпорындарымен қарқынды ынтымақтаса жұмыс істейді. "Рудненский гормолзавод" кәсіпорыны 2004 жылы 394 миллион теңгенің тауарын өндірді, алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсім — 10 пайыз. Мұнда қойытылған сүт өндіретін цехты қайта құру жұмыстары аяқталды, қүрғақ сүт өндіретін цехта жаңа құрал-жабдықтар орнатылуда.
Қалады шағын кәсіпкерліктің 4,5 мыңдай нысаны жұмыс істейді. 2004 жылы олар 4,4 миллиард теңгенің өнімін өндірді.
Рудныйдың бүгінгі күнгі құрылысшыларының да еңбектері табыссыз емес. Қаланың күрылыс индустриясының жарқын өкілдері "Рудныйсоколовстрой", "Амид" ЖШС, "Имсталькон" монтаж фирмасы, "Механомонтаж", "Рудныйсантехмонтаж", "Рудрем-1", "Костанайэлектромонтаж" кәсіпорындары. Осылар және олардың әріптестері тұрғын үй бағдарламасын табысты жүзеге асыруда. 2004 жылы жалпы алаңы 4027 шаршы метр құрайтын 20 жеке тұрғын үй салынды, 19 шағын ауданда 70 пәтерлі 5-қабатты коммуналдық түрғын үйдің кұрылысы аяқталды. Бірқатар кәсіпорындар жаңа күрылыс материалдарын шығару ісін игеруде. Мәселен, "Стройрем-2030" ЖШС қабырғалық тас, қабырғалық жартылай блок, кеспе тас пен жақтау тастарын жасау ісін қолға алса, "Тоғай группа" ЖШС жылына 14 миллион дана кірпіш жасап шығаратын желіні іске қоспақ.
Қала тұрғындарының зор ықыласына ие болған іс — балалар бақшасы желісінің қайта қалпына келтірілуі болды. Қазір олардың саны онға жетті. Қала көшелерінде бесік-арба итерген жас аналардың жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны бала бақшалар санын одан әрі көбейтуді талап етеді. Ал сәл ересектеу балалар үшін қалада 22 жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді (олардың арасында дарынды балаларға арналған екі гимназия мен мемлекеттік тілде білім беретін мектептер де бар), "Надежда" атты жекеменшік орта мектеп және арнайы мектеп - интернат бар.
Одан басқа қосымша білім беретін орталықтар — балалардың көркем сурет мектебі, мектеп оқушылары мен жастар сарайы, оқу-өндірістік комбинаты, 42 аула клубы, екі балалар-жасөспірімдер мен спорт мектебі жұмыс істейді. Жастардың жұмысшы мамандығын алып, еңбек жолын бастауына екі кәсіби-техникалық мектеп (КТМ-5, КТМ-11), үш колледж (политехникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, музыкалық) көмектеседі.
Рудный индустриалдық институты — Солтүстік Қазақстандағы жетекші мемлекеттік жоғарғы оқу орыны. Бүгінгі күні РИИ-де төрт мыңға жуық студент білім алады. Оларға 200 оқытушы, оның ішінде 4 ғылым докторы, 10 профессор, 45 ғылым кандидаты, сондай-ақ доценттер, академиктер мен Қазақстандық және халықаралық академиялардың мүше-корреспонденттері білім береді. Институтта инженер кадрлар аймақтың экономикалық проблемаларын ескере отырып даярланады. Институт өзінің 5 факультетінде 14 мамандық бойынша бакалаврлар дайындап шығарады. Аймақ кәсіпорындарының көпшілігінің инженер- техникалық құрамының жартысынан астамын РИИ түлектері құрайды.
Қаланың жалпы саны оннан асатын медициналық мекемелерінде казіргі заманғы технологиялар мен емдеу тәсілдері табысты колданылып жүр. Ведомстолық шипажайлар мен сауықтыру орындары тұрғындардың зор ықыласына ие. Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы көптеген пайдалы істер атқаруда.
Рудный қаласының мәдени әлеуметін танытатын 12 мекеме — тарихи-өлкетану мұражайы, 7 кітапхана (біреуі мемлекеттік тілде), бос уақыт өткізу орталығы, Көркемөнерпаздар шығармашылық үйі, мектеп оқушылары мен жастар сарайы, "Кеншілер" мәдениет сарайы бар. Бұл мекемелерде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері балетмейстер Т. Запорожкина, әнші А.Тимофеева, режиссер Л. Гайнутдинова және Қазақстан Республикасына енбек сінірген қайраткер И.Дьячковтар еңбек етеді.
Рудный тұрғындары ұлттық ансамбльдер өнерін тамашалағанды ұнатады. Оларды "Жадыра" қазақ халық ансамблі, Байрам"- татар-башкұрт, "Мария"- украин, "Калина", "Соседи", "Родник" — орыс халық ансамбльдерінің мүшелері өз өнерлерімен тәнті етіп жүр.
Республиканың спорттық тарихында Рудный өзіндік ерекше орынға ие. Қазақстан, Қостанай облысы туралы спорт әлемі қысқы Олимпиаданың шаңғы жолындағы рудныйлық Иван Гараниннің тамаша жеңісінен кейін білді. Оның ізін олимпиадашылар Сергей және Галина Беляева, Елена Синицына, Сергей Ушкалов, атақты бишілер Антон Маянцев пен Ирина Гареевалар басты. Рудный өзінің дзюдошылары мен шаңғышыларын, Қазақстанның жоғарғы лигасы чемпионатының жүлдегері болған "Қуат" хоккей командасын, картингішілер мен жеңіл атлеттерін, Азия біріншіліктерінде жүлделі орындар жеңіп алған мини футбол командасын мақтан тұтады.
Қаланың бодибилдинг шеберлері, шорттрекшілері, мәнерлеп сырғанаушылары, городкишілері, балуандары түрлі деңгейлердегі біріншіліктерден талай медальдар алып келіп жүрді, ал Рудный бокс мектебі Қазақстанаң тыс жерлерге де кең танымал... Рудный Қазақстанның ең спорттық қалаларының бірі саналады және ол тегін емес. Бұл жерде Мұз сарай, "Горняк" спорт кешені, "Дельфин" бассейні, "Строитель" және "Амид" стадиондары бар.
Қалада жеті газет шығады, үш радио және телекомпания хабар таратады, кабельді телевизияның екі арнасы жұмыс істейді. Жергілікті газеттердің жалпы таралымы алпыс мың данаға жуық, ал "Рудный дауысы" ТРК-ның хабарлары және ТВС көгілдір экран мен радиоқабылдағыш алдында қала тұрғындарын түгел жинайды деуге болады.
Рудныйда ардагерлерге ерекше назар аударылады және бұл тек қарттарды құрметтеу дәстүрінен туындаған ілтипат ғана емес. Рудныйлықтар өздерінің сүйікті қаласы кімнің қолымен тұрғызылғанын жақсы біледі және ұмытпайды. Ардагерлер кеңесі — саны жағынан қомақты, белсенді де беделді ұйымдардың бірі. Кеңес Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, тыл еңбеккерлері мен майдангерлер жесірлерін қамқорлыққа алады, қала басшыларымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қала ақсақалдары кеңесінің төрағасы — Эмбек Степанович Кулаев. Рудный қаласы тұрғындарының жартысы осы кісінің шәкірттері, ол сонау 1969 жылы Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ұстаз атағына ие болған. Бір кездері эксковаторшы, Социалистік Еңбек Ері Евгений Порфирьевич Антошкиннің даңқы жер жарып тұрды. Соколов кен басқармасында ол 1957 жылдан еңбек ете бастады. "Менің бүкіл ғұмырым Рудныйда өтті, - дейді ардагер, - Мен осында еңбек еттім, оқыдым, менің еңбегім жоғары бағаланды. Мені құрметтейді, менің пікіріммен санасады. Бақыт деген осы емес пе?", - деп ағынан жарылады.
Ал Қасымқайыр Дүйсенбаев жалпы көлемі бір том болып қалатын өлеңдерінің бірінде өзін "Мен- кеншімін..."- деп мақтанышпен атайды. Ол сонау 1956 жылы, Алматы таукен металлургия институтын бітіріп, жолдамамен жаңа салынып жатқан Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатына келгенде-ақ өлең жаза бастаған. Оның қалындығы — сыныптасы Дина Көкебаева да онымен бірге кеншілер қаласына ілесе келді. Көп ұзамай комбинат құрылысына Қасымқайырдың курстас достары Төлехан Нұғанов, Сапарбек Кеңбейілов, Әлсабыр Дәрменбаев, Марат Құлниязовтар да келді. Алғашқы қоныстойларын жертөлелерде атап өтті. Несі бар, Мәскеу де бір күнде салынған жоқ қой! Олар осы жылдар ішінде бәріне де төзді, қиындықтарды жеңе білді, бәрін өз қолдарымен тұрғызып, кәдеге жаратты. Ал Қ.Дүйсенбаев Еңбек сіңірген кенші атанды.
Аскольд Павлович Шейнога еңбек жолын 1953 жылы жас маман ретінде бастады. Құрылыс өндірісінің барлық баспалдақтарынан өтті. 1969 жылдан 1985 жылға дейін "Соколоврудстрой" тресін басқарды. Аса білгір маман. Оның тікелей қатысуымен көптеген өнеркәсіптік нысандар, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт орталықтары, қоғамдық тамақтандыру орындары, сондай-ақ облыс пен республиканың ауыл шаруашылық нысандары салынды. Аскольд Павлович — Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген құрылысшы.
Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.