Новости


«Хикаяттар сандығы» театр студиясының бенефисі

Ср, 04/07/2018 - 16:52 — julia

2 шілде күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 60 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясының бенефисі өтті.

2018 жылғы жазушы-мерейгерлер шығармаларының батырларына, ертегі кейіпкерлеріне айналған жас әртістер «Бір күні кітапханада...» атты театр қойылымын көрермендер назарына ұсынды.

Салтанатты ашылу кезінде құттықтау сөздерін кітапхана оқырмандары айтты, сценарий бойынша - «театр балалары».

Кузя мен Нафанья фотоальбом беттерін парақтай отырып, «бәрі қалай басталғанын» баяндап берді. Қызыл телпек, Дымбілмес пен Кішкентай мыстан кемпір караокемен ән салып, би биледі, сонымен қатар викторина жүргізді. Қазақстандық балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың кейіпкері — Досан көрермендерге кітапханашы мамандығының бар қырын ашты. Хоттабыч шал мереке қозғалысының дирижері, ең басты және құрметті қонағы болды.

Көрермендер жас әртістерге орындарынан тұрып қол соғып қошемет көрсетті, «Бәрекелді» деп айқайлады. Әрине, көрермендер арасында туған-туыстары көп болды, олар өздерінің балалары, немерелері, іні-қарындастары үшін шын жүректен қуанды.

Ал театр сахнасының шебері Наталья Борисовна Дедюхтің дарынды балаларды құттықтауы мен құрмет тұтуы бенефистің ең басты және маңызды бағалауы болды!

Фото



Ғажайып Тоня Шипулина

Ср, 04/07/2018 - 15:18 — julia

2018 жылғы 3 шілде күні өнер секторында балалар кітабының авторы Тоня Шипулинамен кездесу өтті. Ол Қазақстанда, Алматы қаласында дүниеге келді.

Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ "Дружные ребята" газеті ұйымдастырған республикалық "Алтын қауырсын" атты әдеби байқаудың, сондай-ақ "Мусагет" (1999ж.) қоғамдық қоры ұйымдастырған балалар шығармашылық байқауының жеңімпазы болған. 2004 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстандық газет-журналдарда тілші және де редактор болып қызмет атқарған.

Автор «Волшебные желуди: одно удивительное приключение трусливого рюма и глупого норика», «Три чайных дракона и сверкающая пыль», «Ведьма страны туманов», «Тайна ведьмы Урсулы», «Зефирный Жора» сияқты кітаптардың жарыққа қалай шыққаны туралы, кейде оларды жазуға өзін мәжбүр ететіні туралы, кітапты шығару кезінде кездесетін қиындықтар туралы айтты. Балалар Тоня кітаптарындағы суреттердің «Красная площадь» атты мәскеулік кітап фестиваліне қатысып, «Пиши писателя» акциясында жеңіске жеткеннен кейін кітапқа түскені туралы білді. Тоня Шипулина — жан-жақты адам.

Ол өз кітаптарын әшекейлеумен қатар, керемет танамоншақ жасап, кесте де тігеді.

Өткен кездесу үшін, кітапханамызға келгені үшін, ұмытылмас әсер үшін және сыйға берілген кітаптар үшін Тоняға алғысымызды білдіреміз!

Фото



Өмір — футбол алаңы

Ср, 04/07/2018 - 15:02 — julia

3 шілде күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 60 жылдық Мерейтойын тойлау қарсаңында Владислав Крапивин сыйлығының лауреаты, қазақстандық балалар жазушысы Аделия Амраевамен кездесу өтті.

Ол балалар әдебиетіне «Футбольное поле» повесімен келді. Димка оқиғасы жазушының футболға деген үлкен әрі «түсініксіз» сүйіспеншілігінен туған. Ол өтіп жатқан әр чемпионаттан көз жазбайды, футбол туралы бәрін біледі! Кездесуге келген қонақтар Германия жанкүйерлерінің қол соғуларын үйренді. Неліктен? Себебі Аделия осы елдегі команданың жанкүйері. Оның екінші кітабы «Германия» деп аталады, дегенмен ол футбол туралы емес, адамдардың достығы мен құштарлығы, өмірге деген махаббаты туралы, бәрін де футболдағы сияқты «ережемен» жүргізуге тырысулары туралы. Өйткені футбол әділ ойын! Ал өмір — үлкен футбол алаңы, кейде адам футбол алаңында жеңіліске жетіп, күйзеліске түсуі де мүмкін. Аделия кездесу қонақтарына адам санасындағы «зиянды» ойларды жеңуге аналған тренинг өткізді. Бар болғаны бір минутқа көздерін жұмып, өз өмірлеріндегі жағымды, әсерлі сәтті елестетіп, жүрегіндегі ең нәзікті бойларына сіңірді. «Х» сәті келіп жеткенде «Я хочу жить!» повесіндегі басты кейіпкер оқиғасындағыдай адамның «сүңгуіне» кедергі болған жағдайға қарсы тұру үшін сол «сүңгушінің» өзіне айналуы тиіс.

Себебі біз жағдайға бағынбай өмір сүргенде «Үнемі бақыттымыз»! Бала жанын сезе білетін, бала болсын, ересек болсын, әр оқырманның санасына оптимизм мен үмітті қондыра білетін, таңғажайып адам, тамаша жазушымен өткен кездесу позитивті сарынмен өз мәресіне жетті

Фото



«Библио–Кеш-Party» өтті!

Ср, 04/07/2018 - 14:14 — julia

2 шілдеде Облыстық кітапхана қонақтарды жұмыс кестесінен тыс уақытта қабылдады: 19.00-ден 22.00-ге дейін. Барлық оқырмандар мен қонақтар үшін кітапхананың 60 жылдық мерейтойына арналған «Библио–Кеш-Party» акциясы болып өтті.

Акция бағдарламасы қанықты әрі алуан-түрлі болды, бұл жерде әркім өз талғамы бойынша қызықты нәрсені таңдай білді.

«OYLA» ғылыми-көпшілік журналын таныстырған кітапхананың мейірімді досы, журналдың ғылыми редакторы Мария Валяеваның маңызды ғылыми нәрсе туралы қарапайым тілмен жеткізілген мәнерлі, қызықты әңгімесі жас аудиторияны қызықтырды. Кездесу барысында қызу сұхбат болды, журнал және онда қозғалған ғылыми тақырыпар туралы көптеген сұрақтар қойылды.

Театр сүюшілер «Хикаяттар сандығы» театр студиясы дайындаған қойылымды қуана-қуана тамашалады. «Бір күні кітапханада...» спектаклінде жас әртістер балалар кітаптарындағы танымал кейіпкерлер бейнесіне еніп (Хоттабыч, Қызыл телпек, Кішкентай мыстан кемпір, үй әулесі Кузя және басқалары) кітапхана тарихы туралы баяндап берді.

«Кітапханаға арнаймын...» - қостанайлық ақындардың қатысуымен өткен поэтика алаңы осылай аталды. Бұл жерде авторлардың оқуымен орындалған өлеңдерді тыңдап, олардың кітаптарын алуға мүмкіндік болды.

«Кітап зообағы» 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қонақтарға өз есігін айқара ашты. Ең жас оқырмандар ыстық Африкаға, мұзды Арктикаға саяхат жасап, құрайтта серуендей алды, сондай-ақ экзотикалық және үй жануарларымен таныса алды. Атақты қостанайлық биолог Андрей Андрющенко таныстырған питон балаларды шаттыққа бөледі.

Өнер бөліміндегі «Арт-кеңістік» өз келушілеріне сурет салу және фетрден саусақ қуыршақтарын дайындау бойынша шеберлік сабақтарын ұсынды.

Сағат 20.30-да кітапханада шығармашыл тұлғалардың нағыз шеруі басталды - «Оқырмандар шоқжұлдызы» концерттік бағдарлама, концертке үлкенді-кішілі кітапхана оқырмандары қатысты. Балалар мен ересектер ән айтып, би биледі, мерейтой қонақтарына музыкалық композиция мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Кеш бойы ұлттық нақышта безендірілген «chillout зона-KZ» «тыныш» алаң жұмыс жасады. Бұл киіз үйде ыңғайлы орналасып, әңгіме айтуға немесе кітап оқуға арналған орын.

Қонақтарды қарсы алған Ханымдар ерекше көзге түсті: Кітап ханымы мен Газет ханымы. Жарқын, есте қаларлық бейне келушілер назарын өзіне аудартты, қонақтар модельдермен суретке түсуге тілек білдірді.

Кітапхананың белсенді оқырмандары дайындаған флешмоб биі мен көкке ұшырылған шар… және кеш демеушілері - «Дом» сәулет ательесі дайындаған тәтті сюрпиз — үлкен торт кештің жарқын соңы болды…

Фото

 



Объявление!

Дс, 02/07/2018 - 13:19 — julia

Уважаемые читатели!

В связи с задержкой авиарейса, встречи с писателями Аделией Амраевой и Тоней Шипулиной переносятся на 3 июля, на 10.00.

Приносим свои извинения!



Қазақстандық ғылыми-көпшілік «OYLA» журналының таныстырылымы

Ср, 27/06/2018 - 16:40 — admin

«Synergy» ғылыми-білім беру қоғамдық қорымен бірге полиция есебінде тұрған балалар үшін қазақстандық ғылыми-көпшілік «OYLA» журналының таныстырылымы ұйымдастырылды, оны журналдың ғылыми редакторы Мария Валяева өткізді. Ол резеңкелі үйректің оқиғасын баяндады. Үйрек — жай ғана ойыншық емес, ол белгі, оның көмегімен саясат, спорт, өнер тақырыптары өріс алады. Резеңкелі үйрекпен алғашқы сантехника да, кинематограф оқиғасы да, кәсіпшілер одағының қозғалысы да, мұхит ағысы да байланысты. 2013 жылы үйректің мәртебесі ресми түрде расталды: оны ойыншықтардың Ұлттық америкалық даңқ залына енгізді. Осы және де көптеген басқа да оқиғаларды балаларға Маша айтып берді. Кездесу қызу өтті, журнал жайлы, онда қозғалған ғылыми тақырыптар жайлы көптеп сұрақтар қойылды.

Фото



Қазағымның қазынасы - домбыра

Ср, 27/06/2018 - 14:21 — admin

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-да ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту мақсатында «Қазағымның қазынасы - домбыра» деген атаумен іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шараға №17 мектеп жанындағы лагерь балалары қатысты. Балаларға қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыраның құрылысы, үні, күйдің шығу тарихы, қазақтың атақты күйшілері туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Мектеп ұжымы өткен іс-шараға өз алғыстарын білдіріп, жазбаша пікірлерін қалдырды. Әр қазақтың төріндегі домбыра үнін естіп өскен бала әрқашан ұлтымыздың ұлттық құнылығын бағалап өседі деген ойға келдік. «Домбыра тартқан бала адаспайды» деп ертеде ата-бабамыз текке айтпаған.

Фото



Қазақ мультфильмінің қарлығашы

Ср, 27/06/2018 - 14:20 — admin

2018 жылдың 27 маусымында сағат 10:00-де Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да өткен Қазақстандағы тұңғыш мультипликатор, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмінің авторы, режиссер Әмен Қайдаровқа арналған «Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мульт-сағатқа № 24 а мектептің оқушылары қатысты. Әмен Қайдаровтың өмір баянына тоқталып, қандай мультфильмдерді түсіргенін, қалай түсіргені жайлы баяндады. Балалар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін тамашалап, тақырып бойынша викториналық сұрақтарға қызыға жауап берді. Режиссер туралы толық ақпарат алған оқушылар жақсы көңіл-күймен тарасты.

Фото



Балаларға арналған керемет кітаптар

Сс, 19/06/2018 - 16:32 — julia

16 маусым «Жанға жайлы отырыстар» ата-аналар клубы жұмысының аясында «Балаларға арналған керемет кітаптар» атты библио-фреш өтті.

Клуб қатысушылары назарларына: Хана Лундберг «Печенье счастья», С. Нурдквисттің «Финдус переезжает», Т. Крюкованың «С кем играет кенгуру»; сонымен қатар шынайы өмірмен негізделген әлемге әйгілі болған Д. Боуэн «Кот по имени Боб» атты кітаптары ұсынылды. «Заветная полка» сериясымен шыққан, ата-аналардың өткен шағына оралтатын «Люсино детство» Л. Чарской, «Чудесная девочка» Ф. Бернетт и других атты кітаптарына ерекше көңіл бөлінді.

Әрдайым сұранысқа ие «Почемучкины книжки» және «Детская научно-популярная энциклопедия» жаңа кітаптары үлкен қызығушылық танытты.

Фото



Қасиетті Қазақстан

Бс, 14/06/2018 - 08:41 — julia

13 маусым мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімінде Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық киелі орындар ұғымын сіңіру бағытында Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның 6-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Сондай-ақ оқушылар Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» аясында «Қасиетті Қазақстан» этно-мәдени экспедициясының Қостанай облысы бойынша зерттеліп, жаңғыртылған киелі нысандарына арналған «Қостанай облысының киелі жерлері» атты виртуалды кітап көрмесіне саяхат жасады. Оқырмандарға өлкеміздің 10 жалпыұлттық мәні бар және 19 жергілікті маңызды киелі орындарының атауымен таныстырылып, сол киелі жерлер жайлы және өз елінің, өз өлкесінің тарихы жайындағы кітап және журнал, газет беттеріне шыққан мақалалармен таныстырылды. Оқушылар «Мен өз еліммен мақтанам» деп өздерінің ерікті ойларымен бөлісті. Кездесу туған өлкеміздің авторларының өлеңдері «мүшайра» дәстүрі бойынша өлең оқумен аяқталды.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 139 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана