Наурызым ауданы

Науырзым ауданы 1964 жылы құрылған. Аумағы 15 мың шаршы шақырым. Тұрғындар саны 15 мың адам. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер аумағы 1437 мың гектар, оның 200 гектардан астамы егіндік. Осы астық алқабының жартысынан астамында бұрынғы жылдары КСРО-дағы ең ірі шаруашылық - "Буревестник" кеңшары бидай өсірді. Ауданда бүгінгі күні де ең сапалы астық өндіріледі. Науырзым ауданының аумағында Қазақстан даласы табиғи кешенінің үздік үлгісі болып табылатын мемлекеттік қорық орналасқан.

Ауданда балалар бақшалары және мектептер, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері желісі жұмыс істейді.

Ауданға атын берген Қазақстан даласының ең солтүстік орманының сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын, бұл жерде орманды алқап айданды көлдермен араласа орналасқан. Науырзым әсіресе көктем айларында, жанаргүл, жыланқиық, қызғалдақтар мен сарғалдақтар гүлдеген кезде тым құлпырып кетеді. Облыс төлтаңбасында лайықты орын алған Шренка қызғалдағы гүл жарған кездегі даланың сұлулығы көздің жауын алады. Осындай байлықты болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу мақсатында Наурызым қорығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізуге қажетті құжаттар дайындалу үстінде.

Аудан тұрғындарына жақсы белгілі Шолақсай селосының тарихын бұл жерге алғашқы орыс қоныс аударушылары келіп, жаңа жерлерді игеруге, егін егіп, Ставрополь губерниясынан ала келген малдарын өсіруге кіріскен 1900 жылдан бастап есептеуге болады. Олар қалмақтың мүйізді ірі қарасын және өздері "шпанка" дея атаған "меринос" тұқымды қой өсірді. "Кубанка" сұрыпты бидай, сүлы және зығыр септі. Содан бері өткен жүз жыл бойы Шолақсай дихандарды бай да тұрақты өніммен қуантып келеді. Тіпті, көптеген шаруашылықтар қолдағы бардан айрылған қиын-қыстау өтпелі кезеңнен де Шолақсай аман-есен өтті. Бұл - жердің жомарттығы мен шаруашылық тізгінін ұстаған Өмірзақ Бекділдинұлы Их- тиляповтың іскерлікпен басқарғанының арқасы, - дейді шолақсайлықтардың өздері.

Жыл сайын бұл жерде 17 мың гектардан астам жерге дәнді дақыл егіліп, жақсы өнім алынады. Селода тамаша мектеп, аурухана, балалар бақшасы, асхана бар.

Науырзым ауданы туралы айтқанда Социалистік Еңбек Ері Николай Григорьевич Козлов есімін айналып өту мүмкін емес. Пермь мемлекеттік университетінің түлегі, ол 1954 жылдан Шығыс Қазақстан және Гурьев облыстарындағы қоныстандырушылар экспедицияларын басқарды. Онан соң Қос- танайға келді, облыс картасында тың шаруашылықтары алқаптарын белгіледі, олардың орталықтарын жобалады. Сосын бұрын соңды болмаған істі қолға алды. Автордың өзін таң қалдырған, шөл даланың шетінде егін алқабы 70 мыңнан астам гектар жерді алып жататын алып кеңшар салу жобасын облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.М.Бородин мақұлдады. Кеңшар "Буревестник" аталды. Жас директор бірнеше жыл ішінде егіс алқабы аумағын 106 мың гектарға жетізді. Ол кезде мұндай астық алыбы бүкіл дүние жүзінде болмаған еді. Оның егіс даласында 270 трактор, 420-дан астам комбайн жұмыс істеді. Астық жинау науқаны кезінде өнімді 28 механизацияланған қырман қабылдап алып тұрды. 11 дала қосының әрқайсысына жоғарғы қуатты электр желісі жүргізілді, ол жердерде еңбеккерлердің жұмыс істеуі мен демалуы үшін барлық жағдайлар жасалды. Жайлы жатын орындары, асханалар, моншалар, сазан және тұқы балығын өсірген жасанды су қоймалары мен тоғандар салынды. Айта кетер бір жайт - кеңшар айналадағы көптеген шақырым жер-де бір-де бір елді мекені жоқ, шөлейт даланың шетінде, облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан еді.

Еліміз Н.Г. Козловтың еңбегін жоғары бағалап, оған 1967 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1976 жылы Николай Григорьевич кенеттен қайтыс болғанда, қазақ жерінде оның өз қолымен құрған алып кеңшарына тұрғындар өтініші бойынша оның есімі берілді.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 374 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана