Наурызым қорығы

Науырзым қорығы — республика солтүстігінің қайталанбас табиғатының ғажап үлгісі, жер жаннаты. Қарағайлы орманның алып ағаштарының күн сәулесі түскенде мыстай жарқырап көзге шағылысатын діңгектері, орман қоюлана түскенде тылсым шымылдық арасынан сығалап тұрғандай көрінетін сырлы сұлулығы арбап алады. Орманға жанаса әр көктем сайын сонау көкжиекке дейін жап-жасыл кілем жамылатын, ал мамыр айында сұлулығы көз тойдырмас Шренка қызғалдақтары гүлдеген кезде, мүлде құлпырып кететін жазира дала жатыр. Одан сәл әріректе үлкен-кішілі көлдердің мөлдір сулары бірде зүбәржат- тай жасыл түске боянып, бірде күмістей жарқырайды. Ғылымдар тілімен бұл жер қарапайым ғана — Қазақстан сахарасы табиғат кешенінің озық үлгісі немесе — орманды, далалы, сулы-батпақты ландшафтарының үйлесімі деп аталады. Қорық Торғай ойпатының бір бөлігін алып жатыр, оның құрамында үш орман алқабы — Қазақстанның жазық даласындағы ең оңтүстік ормандар — Науырзым, Терсек және Сыпсыңағаш қарағайлы ормандары, көлдер (ең ірілері Ақсуат пен Сарымойын) және оларға жанаса жатқан қүрғақ дала кіреді. Қорық аумағы 191381 гектар. Ол ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасы тізіміне енгізілуге үсынылған.

Владимир Даль бір кездері: "Орманды қорықтандыру, ондағы ағаш кесуге тыйым салу салтанатты түрде жүзеге асырылады: Дін қызметшісі қолына қасиетті икондар ұстап жүріп, қорыққа айналуға тиіс жерді айналып өтеді де жиналғандар алдында құдайға мінәжат жасайды, сонан соң бұл жерге белгілі бір уақыт ішінде кіруге тыйым салынады" деп жазған. Ал Науырзым қорығының құрылуына мұндай күрделі діни рәсім емес, 1931 жылы жарық көрген үкімет қаулысы негіз болды. Ол кезде қорық Мәскеу мемлекеттік университетінің базасы ретінде құрылған. Наурызым тағдыры оңай болған жоқ: 1951 жылы қорық қатардағы орман шаруашылығына айналып, ондағы ағаштар аяусыз кесіле бастады. Сонан соң ол қорықтық-аңшылық шаруашылығы болып, жан-жануарлар өміріне қауіп төнді. Қорық табиғи орманды жалмап өткен үлкен өртті де, жоғарыдан түсірілген шөп шабу жоспарларын да, жиырма жылға созылған қарағайлардың өнеркәсіп мақсатына қолдан отырғызу науқандарын да басынан өткерді. Соның салдарынан табиғи орман өскен алқаптар көлемі мүлде азайып қалды.

- Біз Татьяна екеуміз келгенде оның тек қорық деген аты ғана қалған еді, - дейді қорықтың жетекші мамандарының бірі және ардагері Евгений Александрович Брагин.

Бұл 1976 жыл болатын. Брагин зайыбы екеуі Дондағы Ростов университетінің биология факультетін бітірді. Евгений осы өңірде, Құсмұрында туып өскен. Қызыл дипломды казак қызы Татьяна Михайловнаны да ол осында алып келді. Қорық ол кезде орманшаруашылығыминистрлігіне қарайтын, және онда небәрі бес ғылыми қызметкер ғана жүмыс істейтін. Олардық қатарына да ерлі-зайыпты жас мамандар да қосылды. 20 жыл олар осындағы шағын кентте өмір сүрді. Орманды, топырақты зерттеді. Евгений осы жерлерде ұялайтын жыртқыш құстарға құмартты. Оның кандидаттың еңбегі "Қостанай облысындағы аралды ормандардың жыртқыш құстары, оларды қорғау мен санын арттыру жолдары" деп аталады. Татьяна 1984 жылы қорық директоры Мырзабек Сүлейменұлы Жанбосыновтың орынбасары болып тағайындалды. Оның докторлық диссертацияның тақырыбы "Топырақтың шөлдену жағдайындағы жануарлар дүниесі өзгеруінің заңдылықтары .

Олар тек өздерінің ғылыми мүдделерін қорғап қана қойған жоқ, жалпы қорықтың бүгіні мен болашағы үшін қам жеді. Олар шаруашылық басшылары мен ғалымдар арасындағы дәстүрге айналған мүдделер қайшылығы дегеннің не екенін жақсы біледі. 1984 жылы Брагиндер ағаштарды өнәркәсіп қажеттіктері үшін қолдан отырғызу жұмыстарын тоқтатуға қол жеткізді — сөйтіп орманға табиғи қорық қалпын қайтарды. Онан соң қорық аумағын химиялық өңдеу жұмыстарына тыйым салынды, бұл жерде бұрынғыдай аудандық атқару комитетінің тапсырмасы бойынша шөп шабу тоқтатылды, браконьерлермен күрес басталды. "Науырзым" атты қоғамдық-экологиялық бірлестік құрылып, оның атынан хаттар жазылып, басшылар алдында проблемалық мәселелер қойылды, атап айтқанда қорық аумағын кеңейту талап етілді. Оларды сол кездері аудан әкімі Сәруар Әлжанұлы Ерденов қолдады. Татьяна Михайловнаға "Құрмет" ордені табыс етілгенде ол үкіметтің вице-премьеріА.С.Есімовке"көмектесіңізші, қабылданып қойылған шешімді орындау ісі тым созбаланып кетті" деп тікелей өтініш білдірді. 2004 жылы үкіметтің Науырзым қорығын 103 мың гектарға кеңейту туралы қаулысы қабылданды. Қаржыландыру жұмыстары жақсарды, күзет күшейтілді, ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

- Мұндай табиғи кешен көптеген шетелдік мамандар қызығушылығын тудырады, - дейді Татьяна Михайловна. - Сондықтан білдің халықаралық байланыстарымыз аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Олар мына сұлулыққа сүйсініп қана қоймай, жұмыс істеуге де келіп жатады. Олар үшін біз семинарлар өткізіп тұрамыз, гранттар жеңіп аламыз. Австрия телевизиясынан шы- ғармашылық топ келіп,Қазақстан туралы фильм түсіргені есімде, сонда олар тек біздің Науырзымнан ғана классикалық қорықтың дала үлгісін тапты.

Қостанай педагогикалық институтының доценті, биология ғылымының доктор Т.М.Брагина — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWҒ) үлттық үйлестірушісі және аймақтық сарапшы- өкілі. Жұбайымен бірге ол өздері түсірген суреттермен әсем безендірілген бірнеше мазмұнды да қызықты кітаптар жазып шықты. Олардың арасында "Солтүстік Қазақстанның аса маңызды сулы-батпақты жерлері"Науырзым қорығының жануарлар әлемі" деген кітаптар бар.

Қорыққа толық сипаттама беретін бірнеше деректер келтіре кетелік. Онда өсімдіктің 687 түрі өседі, ал бұл - далалық аймақтық орташа көрсеткішінен үш есе көп. Қорықтың ең ірі орманды алқабы — 16 мың гектар жерді алып жатқан Науырзым орманында — қарағайлар дала сілімдерімен, көптеген сорлармен, қайың және көктерек тоғайларымен араласып жатыр. Бұлт басқан қайың орманы арасында қырыққұлақ өседі. Енді жануарлар әлеміне келейік. Қорық аумағында омыртқалы жануарлардың 342 түрі тіркелген. Аңдардың 44 түрі, құстардың 282 түрі, бауырымен жорғалағыштар және қос мекенділердің әрқайсысының үш түрінен және балықтардың 10 түрі мекендейді. Бұл жерде құйтақандай тиін — телеутка мен еңгезердей бүғыларды да кездестіруге болады.

Қорықта жыртқыш құстардың бірігей қауымдастығы - 26 түрі мекендейді. Олардың 16 түрі осы жерде ұя салып, балапандарын қанаттандырады. Негізінен олар — бүркіттер, қарақұстар, ителгілер, ақ құйрықты ақиықтар, дала қырандары мен құладындар. Міне сол себептен тоғыз жыл қатарынан қорыққа орнитолог, жыртқыш құстар жөніндегі маман Тодд Катцнер келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Тодд АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Питсбург қаласында тұрады, АVІАRҮ белгілі орнитология орталығының бағдарлама директоры болып істейді. Ол көптеген елдерді аралып шықты, сондықтан:
- Науырзым әлемдегі жыртқыш құстар ең тығыз мекендеген жер, - деп сеніммен айта алады.
Тодд қарақұстарды зерттейді, олардың барлық ұяларын жатқа біледі, әр құспен "жеке таныс" деуге болады, әлдеқашаннан қорықта өз адамы болып кеткен. Ол өз зерттеулерінің қорытындыларын, қыран құстар суреттерін ғылыми журналдарда жариялайды және Қостанайға келіп, аға әріптесі Евгений Брагинмен бірге Қарамеңдіге дейін 200 шақырым, одан әрі тағы да 36 шақырым жүріп отырып, қорықтық орманға жету үшін келесі маусымның басталуын та- ғатсыздана күтеді.

Қорық директорының орынбасары Мария Александровна Зейнелова да осы жерде жиырма жыл еңбек етеді. Және әр жаз сайын ол балалар экология мектебі жетекшісінің қиын да өте мазасыз міндетін өз мойнына алады. Қостанай өңірінің 45 баласы жаз шығысымен қорық аумағында шатырлы лагерлерде тұрады, өздері таңдаған тақырыптар бойынша өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды зерттейді, маусым соңында өз жұмыстарын қорғап, арнайы куәліктер алады. Олардың көпшілігі табиғатпен осындай тығыз байланысты тек өмір бойына есіне сақтап қана қоймайды, есейген соң жоғарғы оқу орындарының биология және экология факультеттеріне түседі. Демек, қорықты мекенді қорғаушылардың жаңа үрпағы өсіп келеді.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 212 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана