Жітіқара ауданы

Жітіқара ауданы 1928 жылы құрылды. Облыстың оңтүстік батысында, Орал тауларының сілемдерінде орналасқан.Ол Ресейдің Челябі және Орынбор облыстарымен шектеседі. Аудан аумағы 7200 шаршы шақырым. Он ауылда, және Жітіқара қаласында 50 мыңнан астам адам тұрады. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланытын жер аумағы 314 гектар, оның 140 мың гектарын егістік алып жатыр. Облыстағы ең ірі элеватор осы ауданда.

Аудан жері пайдалы қазбалар қорына өте бай. Салыстырмалы түрде шағын ғана аудан аумағында алтын, никель, кобальт, титан, сирек кездесетін металдар, тальк, ақтас, каолин сазы, гранит, басқа да түрлі құрылыс материалдары қоры жинақталған.

Ауданда 140-тан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелген. 27 мектеп, орталық аудандық аурухана, емхана, 6 станционарлық емдеу бөлімшесі, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Аудан алтын өнеркәсібі орталығы ретінде белгілі. Өткен ғасырдың басында қазіргі Жітіқара қаласының орынында алтын іздеушілер қоныстанған "Веселый аул" кенті тұрды. Алғашқы кен орындары негізінде 1922-1923 жылдары "Уралзолото" тресі Жітіқара бас алтын кеніші басқармасын ұйымдастырды. 1933 жылы басқарма Бүкілодақтық Жітіқара мемлекеттік алтын өнеркәсібі комбинаты болып қайта құрылды. 1936 жылы комбинат Қостанай облысындағы ең ірі кәсіпорын болды, онда бес мыңға жуық адам жұмыс істеді. Соғыс жылдары жітіқаралықтар жыл сайын жүз тоннадан астам құрамында алтын бар кен өндірді. 1930 — 1960 жылдар аралығында мемлекетке 30 тоннаға жуық жергілікті аса жоғары сынамалы алтын өткізілді.

1959 жылдан Жітіқара тарихында жаңа дәуір басталды. Бұл жерде хризотил-асбест қорының қор байлығы жөнінен әлемде үшінші орын алатын бірегей кен орыны ашылды.

Жаңа Жітіқара асбест кен байыту комбинаты құрылды. Жыл сайын ол екі жарым миллион тоннаға жуық асбест кенін өңдеп, тұтынушыларға 200 мың тоннадан астам асбест жөнелтеді.

Алтын өндірумен қатар ауданда ауыл шаруашылығы да дамыды. Оның ғылыми негізі 1909 жылы, Торғай қоныс аударуышылар ұйымының тапсырысы бойынша, бұл жерде Самара облысының Безенчук тәжірибе стансасының тәжірибе алқабы құрылғанда қаланған. Оның мамандары аймақ жағдайындағы егіншілік негіздері жөніндегі кеңестер даярлады. Ауа-райының қолайлылығы мен қара топырақтың құнарлылығы ауыл шаруашылығының, оның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығының жылдам дамуына оң ықпал етті. Мол астығымен "Шевченко", "Милютинский", "Болшевик", Красноармейский, "Пригородный", "Степной" және басқа да кеңшарлардың даңқы шықты. Үздік жылдары Жітіқара ауданының шаруашықылықтары мемлекетке 12 миллион пұтқа дейін астық өткізіп отырды.
Комбинат реформалар кезеңін басынан өткізіп, өндірісті аяғынан қайта тік тұрғызды, өз өніміне деген сұраныс көлемін ұлғайтуда. Қазір ол "Қостанайские минералы" АҚ деп аталады. Ол өз өнімін әлемнің 20-дан астам еліне сатады. Арада қырық жыл салып, алтын өндіру ісі қайта жаңғырды. Өндірістің ашық әдісін қолдана отырып, "Металл Трэйдинг" ЖШС алтынды үймелік ерітінділеу тәсілімен алады.

Жітіқара ауданы — Ұлы Отан соғысы жылдары Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Кеңес Одағынының Батыры Естай Есжановтың отаны. Ерен еңбектерімен Социалстік Еңбек Ерлері Юрий Шелкоплясов пен Асқар Ізтаев, көптеген ордендер иегерлері Құрманәлі Әйімбетов, Адам Войцеховский, Аман Рыспаев, Тамара Романюк, Нина Лубинецтер де туған ауданының даңқын асырды.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 78 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана